Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Дей салдым-ау 8162 15 пікір 3 Тамыз, 2017 сағат 08:18

Ресей тұралаған кезде қытайдың қазаққа ата жауындай шүйлігуінде не гәп бар?!

АҚШ-тың Ресейге салған бүгінгі санкциясы РФ экономикасын әлсіретудегі шешуші соққы болуы мүмкін. Бірақ ол бірнеше айдан кейін РФ ыдырайды деген сөз емес?! РФ ыдырауы 8-12 жылға созылуы мүмкін. КСРО-ны ыдыратардағы "суық соғыс" (холодная война) 35 жылға созылды. Бұл жерде біз үшін бірнеше маңызды мәселе бар:

1. Бұл жағдайда ҚР экономикалық тұрақтылығын қалай сақтайды?

2012-2014 жылдарда РФ стагнация кезінде, сол елдің арзан әрі сапасыз авто т.б. тауарын жаппай сатып алудың нәтижесінде ҚР $20 млрд астам қаржы жоғалтты.

2013 жылы Қазақстанда кедендік УСҚ (СВХ) $48 млн орыстың арағы сақталса, сол жылы Ресейге ҚР-ның 48 бөтелке арағы да экспортталмады.

2017 жылы РФ ет экспорттамақшы болған біздің кәсіпкерлерден ҚР жоқ сараптаманың қорытындысын сұрап яғни ешқандай ет алуға рұқсат бермейтіндерін немесе ЕвраЗЭС дегеннің ҚР экономикасын тұралатуға бағытталған "Одақ" екенін және ҚР қарсы осындай "үнсіз санкцияның" жалғаса беретінін білдірді. Осындай жағдайда бүгінге дейін Үкімет ел экономикасы мен кәсіпкерлерді қорғауда ешқандай нақты шара қолдана алмай келеді. Ол аз десеңіз РФ өздерінің зауыттары шығаратын заттарды ҚР шығаруға тиым салуда?!...

2. РФ ОА республикаларының Каспий теңізі арқылы құбыр салып көмірсутегін Еуропаға (Набукко жобасы т.б.) экспорттауына 25 жылдан бері кедергі болуда;

3. 49 түрлі түркі халықтарының 48-і Ресейдің боданы болса, олардың бесеуі тәуелсіздіктерін алғанымен, әлі 43-і Ресей боданы болып қалуда. РФ билігі 2015 жылы құрамындағы 6 түркі республикасына ТҮРКСОИ-мен байланысуға тиым салды;

4. Санкция жариялаған күні теңгенің құлауы да кездейсоқ емес?! Бұл санкция РФ, ҚР, Беларусқа бірдей әсер етуде;

5. Бұл санкцияның саяси астары болуы да мүмкін. Бұл дағдарыстан "арбаны сандырмай..." яғни бейбіт жолмен қалай шығып, туысқан халықтарға тәуелсіздік алуға қандай көмек беретінімізді ойлап, оларды шешу үшін нақты қадамдарға көшу керек;

6. Шығыстағы көршіміздің соңғы жарты жылда Қазақстанмен байланысы бар қазаққа ата жауындай шүйлігуінде не гәп бар?!

Әлде ҚР сыртынан ХІХ ғ ортасында Ресей, Қытай, Ауған үшеуі келісіп ОА мен шығыс Түркістанды бөліп алғандай саясат басталды ма? Бұндай жағдайда дипломатия мен армияның рөлі алдыңғы қатарға шығады. Ал, біздегі билік елді қорғау емес, өз халқымен соғысуға дайындалып жатқанға көп ұқсайды. Біздегі полицияның саны армиядан екі есе көп!

Жанұзақ Әкім

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048