Алматыда «Айшуақ-Жантүгел» ҰҚТ-сының мүшесі ұсталды
Алматы. 15 қараша. ҚазТАГ – Бұрын қасақана кісі өлтіргені үшін сотталған «Айшуақ-Жантүгел» ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшесі жұма күні Алматыда ұсталды, деп хабарлады агенттікке құқық қорғау органдарындағы дереккөздер.
Олардың айтуынша, полиция қызметкерлері 43 жастағы фигуранттың ізін аңдып жүрген. Оны тұтқындау операциясын Алматы қаласының ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының арнайы жасағы мен ҰҚКД қызметкерлері жүргізді.
ҰҚТ-ның белсенді мүшесі болып табылатын бұрынғы қылмыскерді ұстаған тәртіп сақшылары одан 7,62 мм калибрлі 7 оқы бар ТТ тапаншасын тауып, тәркіленді.
Ұсталған азамат қамауға алынды. Одан тәркіленген әскери қару қайдан алынғанын және бұған дейін жасалған қылмыстарда пайдаланылғанын-пайдаланылмағанын анықта уүшін сараптамаға жіберілді.