Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5074 1 пікір 4 Тамыз, 2017 сағат 09:38

Көлсайға баратын қотыр жолды жөндеудің орнына форум өткіземіз

Көлсайға баратын қотыр жолды жөндеудің орнына Халықаралық туризм ұйымының форумын өткіземіз. "Отандық тауар шығар" деп бір зауыт ашудың орнына Астанада жыл сайын экономикалық форум өтеді. Шет елдік экономист-теоритиктер келіп, ойын бөліскеннен жағдайдың жақсарғанын байқамадым. Ондай тек ақыл үйрететін ағайлар өз универлерімізде де аз емес.

Ал осының бәріне кеткен шығынды айтсаңшы: ұшып келіп-кету, қонуы, тамағы, көлігі... "тек бизнес-класқа отырамын" деп күйдіретіні қанша?

Жақында Премьер -министр "үкімет проектное управлениеге өтеді" дегенде, осы саланы оқып жатқан біз сырттай қуанып қалған едік. Сөйтсек енді осы саладағы ұйым IPMA-дың конгресін Астанада өткізбек екен, спикердің жартысы көрші орыстар.

Әлемнің 70 елінен келген менеджерлер 2 күнге келгеннен пайда көп пе? Одан да сапалы 2-3 шет елдік компанияны үкіметке уақытша кеңесші ретінде шақырса, ақша тиімді жұмсалар ма еді...

P.S. Күлтөбенің басында күнде жиын деген қазақтың қанында жиналыс өткізу сіңіп кеткен бе? Өзбекстан да "проектный менеджментке" көшпек, бірақ ешбір жиналыссыз. Олар осы үшін арнайы мемлекеттік агенттік құрып жатыр.

Нұрмұхаммед Байғараев

Facebook-тегі парақшасынан

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364