Туған күніңмен, Теңге!
1993 жылдың 15 нші қарашасы Тәуелсіз еліміз үшін айрықша атаулы, ақ түйенің қарны жарылған күн. Дәл осы күні Тәуелсіз Қазақстанның төл теңгесі өмірге келіп, барша Алаш Аллаға мыңда бір шүкіршілік айтқан тарихымыздағы ерекше күн. Валюталық құлдықтан азат болған күн! Төрткүл дүниеге төл теңгеміз көрсетіп, тәуелсіздігіміздің беки түскенін тағы бір мәрте айғақтаған күн! Содан бері де аттай шауып, зымырап он жеті жыл өте шығыпты. Алғаш рет қазақтың теңгесі айналымға түскен кезде бір теңге 500 рубль тең болатын. Сол есімде қалыпты. Кейін келе «біртүрлі»саяси жүйе құра бастаған қазақ билігі Алаштың айтулы тұлғаларының бейнесі сомдалған төл теңгенің де түрін өзгертті. Оған да көндік. Алақан жая телімрген теңгелеріміз бүгін де өміріздің ажырамас бөлшегіне айналды.
Кейінгі балалар білмейтін шығар, жас қой, төл теңгеміздің о бастағы бейнесі мынадай болатын. (жоғары)