Бейсенбі, 8 Қазан 2026
4794 0 пікір 7 Тамыз, 2017 сағат 09:40

Қырғыз-өзбек шекара келіссөздері жүріп жатыр

Өзбекстанның Наманған қаласында қырғыз және өзбек үкіметтерінің екі ел арасындағы шекараны делимитациялау және демаркациялау жөніндегі кезекті кездесуі басталды. Биыл екі ел мамандары осымен 15 рет бас қосқан.

Ресми мәлімет бойынша, келіссөздер 5 тамызда басталып, 13 тамызда аяқталады. 2016 жылдың аяғынан бері екі елдің тиісті мекемелерінің өкілдері ай сайын пікір алмасып, Қырғызстан мен Өзбекстан аумақтарында кездесіп жүр.

Екі ел делегацияларының ресми өкілдері "келіссөздер ілгеріледі" дегенді айтты, бірақ оның нәтижелері мен қашан аяқталатыны туралы әзірге құпия сақтап отыр.

Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы шекара 1378 шақырымға созылып жатыр, оның 230 шақырымының мәртебесі әлі белгіленбеген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 897
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1195