Сенбі, 23 Қараша 2024
3543 0 пікір 7 Тамыз, 2017 сағат 09:42

Асад әскері содырлардың Хомс провинциясындағы соңғы тұрағын басып алды

Сирия президенті Башар Асад әскері "Ислам мемлекеті" террористік тобының Хомс провинциясындағы соңғы тұрағын басып алды.

Ежелгі Пальмира қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 70 шақырым жерде орналасқан Әл-Сухна қаласы сириялық үкімет әскерінің бақылауына өтті. Сол арқылы Дейр-Эззор қаласына жол ашылды. Бұл қаланы үкімет әскері содырлардан 2015 жылдан бері қорғап келді.

Адам құқығының сақталуын қадағалайтын сириялық орталық мәліметіне қарағанда, үкімет әскері қаланы 5 тамызда басып алды. Оған ресейлік авиация көмектескен.

Мемлекеттік SANA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сириялық үкімет әскері қаланы үш жақтан қоршауға алған. Асад күштері, Ресейдің қолдауымен, мамыр айынан бері кең ауқымды әскери науқан өткізіп келеді. АҚШ қолдауына ие сириялық оппозиция Ракка қаласынының жарымынан астам аумағына бақылау орнатқан. Бұл қаланы "Ислам мемлекеті" өзінің астанасы ретінде жариялаған еді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394