Қазақтың бір жігіті оққа байланды. Қарты қапыда көз жұмды...
Алматы облысында соңғы кездері ажалын адам қолынан табатын жазықсыз жандардың қарасы ай мен күннің аманында көбейіп бара жатқан сияқты. Күні кеше Сарқан ауданының аумағындағы Балқаш көліне таяу орналасқан Мұқан Төлебаев атындағы ауылға Алматыдан арнайы сапарлап, аң атып, балық аулауға барған В. Ню атты жігіт ағасы екі бірдей қазақ азаматын оққа байлады. Ауылдағы үйлердің бірінде арақ ішіп отырған кезде ащы сулары таусылып қалған қонақтар арасынан суырылып шығып, дүкенге аттанған Ню сол маңда жергілікті екі жігітпен ерегесіп қалады. Ерегестің екпінімен үйге қайтып кіріп, «ТТ» тапаншасын алып шыққан ол ешбір сөзге келместен өзіне таяу тұрған Төлеутаевты кеудесінен екі рет атып өлтіріп, оның қасындағы жігітті ауыр жарақаттайды. Қазіргі кезде күдікті Сарқан аудандық ІІБ уақытша оқшаулау орнында қамауда жатыр. Күдіктінің ұстауға рұқсаты болмаған тапанша Талдықорғанда баллистикалық сараптаудан өткізілді. Тапанша зауыттан 1954 жылы шыққан көрінеді. Ал Нюдің бұрындары қылмысқа қатыстылығы анықталуда.
Тағы бір сұмдық оқиғаның сыпаты былай болып келеді.

Қарасай ауданында жергілікті жерде тұратын күрд және әзірбайжан жігіті бірігіп, көкөніс қоймасын тонайды. Қарақшылық әрекетке қарсы тұрмақ болған алпыстан асқан қазақ ақсақалын қасындағы әйелімен қоса асқан қарақшылар қауқарсыз қарттарды қатагездікпен пышақтап кетеді. Күзетші оқиға орнында қаза тапса, кемпірі ауыр халде ауруханаға жеткізілген.
Талдықорған қаласында бір күнде көпқабатты үйлердің балкондарынан төрт бірдей адам құлады. Оның бірінде кәрі апасын балконнан лақтырып, ажалына себепкер болған жігіт жындыханаға қамалыпты.
«Абай-ақпарат»