Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2400 0 пікір 17 Қараша, 2010 сағат 04:23

Дулат Исабеков: «Президент «Құрметті төраға» дегенді қолдамайтынын айтты»

Қасиетті Құрбан айт күні Алматыға арнайы келген Президент Назарбаев Орталық мешітте сөз сөйледі, содан соң Қыздар педагогикалық Институтында студенттермен кездесіп, әйгілі Медеу шатқалына ат басын тіреді. Астана мен Алматы қалаларында өтетін қысқы VII-ші Азиада ойындарына қатысты дайындық шараларымен танысты. Президент Алматыдағы іс-сапарының барысында жазушы Дулат Исабековті (суретте) қабылдады. Елбасымен кездесуден шыққан Дулат ағамызбен тілдесіп, бірер сұрақ қоюға біз де асықтық.

- Ассалаумағалейкум, аға!

- Уағалейкумсалам!

- Құрбан айтыңыз қабыл болсын!

- Бірге болсын!

- Сізді Abai.kz ақпараттық порталынан мазалап тұрмыз.

- Ә...

- Аға, Сізді президенттің қабылдауында болды деп естіп жатырмыз. Кездесуде қандай әңгімелер қозғалды, сол туралы аз-кем айтып берсеңіз?

- Президент пен жазушы кездескенде не туралы әңгіме болуы мүмкін?! «Хабардан» көрсетті ғой. Сол баяғы әдебиеттің, руханияттың  жағдайы, қаламгерлердің халі, жазушылар одағында қалыптастып отырған атомсфера, жазушылардың әлсіреп кеткен  қоғамдағы орны, баяғыдағыдай ұлттық ойдың басы-қасында жүретін қаламгерлердің өз іші мәселеге айналғаны... бәрі-бәрі айтылды. Жақсы қарсы алды. Кең отырып әңгімелестік. Театрдың жайы, қазақ киносына шетелдік актерлердің шақырылуы, қазақ тілі мен оралмандардың мәселесін де айттым. Мысалы, Мұстафа Шоқайдың рөлін сырттан келген актер ойнайды. Және біз әлі күнге еліктеушіліктен арыла алмай жатырмыз. «Қазақ қазақпен қазақша сөйлесін» деп Сіз айтсаңыз да, күні бүгінге дейін он қазақ тұрып, ортасына бір орыс келсе, бәріміз орысша сөйлеп кетеміз, оралмандардың келуі саябырлап қалды. Мен Қазақстан халқының саны қанша болса да, қарсы емеспін, бірақ мен үшін қазақтың саны маңызды. Сондықтан, оралмандардың көші бәсеңсімесе, «тіл, тіл» деп жүрген мәселе өзі-ақ шешімін табар еді деп айттым.

- Сіздің тарапыңыздан көтерілген әдебиет, қазақ киносына шетелдік актерлер шақыру, оралмандар мәселесі туралы мәселелерге Президенттің пікірі қандай болды?

- Жақсы болды. Ең алдымен өзіміздің киноны насихаттап, өз дүниелерімізді көрсету қажет екенін атап өтті. Шетелдегі қазақтарды дүрк көтеріп  көшіріп әкеле  алмайтынымызды, өзіміздің азаматтарымыздың да үй-күйсіз жүргендері көп екенін, алайда, бәрі де уақытымен орындалатын сөз етті.

- Қаламгерлердің арасындағы кейінгі кездегі әңгімені «өз араларыңда неге шешпейсіңдер?» деп сұрамады ма Президент?

- Сұрады. Содан соң мен жауап ретінде қазір адам танымайтын жазушылардың  көбейіп, бір мәселе бола қалса, топ-топқа бөлініп елге танымал қаламгерлердің қағыс қалып жататынын және «Құрметті төраға» дегеннің ақылға қонбайтынын  айттым. Президент «Құрметті төраға» туралы газеттен оқығанын, оны қолдамайтынын, шынайы, шығармашылықтан алыстап, жазушылардың ұсақ-түйекке бой ұрып кеткенін қынжыла сөз етті.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572