Тәжік әскері Өзбекстан және Қырғызстан шекараларында жаттығу жүргізеді
Тәжікстан Қорғаныс министрлігінің Соғды гарнизоны тамыздың екінші жартысында Өзбекстан және Қырғызстан шекараларында кең көлемді әскери жаттығу өткізеді. Бұл туралы әскери мекеме баспасөз хатшысы Фаридун Махмадализода хабарлады.
Оның айтуынша, бұл оқуларда аумақтық қорғанысты ұйымдастыру, ұлттық әскер қосалқы құрамын қалыптастыру, сонымен бірге Соғды гарнизонының күш құрылымдарымен қарым-қатынасын арттыру мәселелері пысықталады.
Бұл оқуларға нақты қанша адам қатысатыны әзірге белгісіз, бірақ ол өте ауқымды болады, деді Махмадализода.
Дүйсенбі күні Шахристан ауданының тұрғындары республиканың оңтүстігінен солтүстікке жауынгерлер мен әскери техника жеткізгенін хабарлады.
Бұл уақытта, ресейлік баспасөздің хабарлауынша, Тәжікстандағы ресейлік әскери базаның жауынгерлері дабылмен оятылып, 40 шақырымдық марш өткізген, одан соң Душанбе маңында шоғырланған делінген "қылмыстық топтың" көзін жойған.
Abai.kz