Сенбі, 10 Мамыр 2025
3629 0 пікір 21 Тамыз, 2017 сағат 09:21

Ашхабадта салқындатқышты тағы да жаппай алып тастап жатыр

Ашхабад билігі көпқабатты үйлерде, тұрғындар орналастырған салқындатқышты жаппай алып жатыр. Қазіргі кезде астанада арнайы көлік шағын аудандарды аралап, көзге көрінген салқындатқыштарды демонтаж жасап жатыр.

Тұрғындардың айтуынша, Ашхабад билігі шара қолданғанымен, тұрғындар салқындатқышты бәрібір орнатып жатыр.

“Жергілікті билік демонтаж жасағанымен, жаздыгүні ыстыққа шыдау мүмкін емес. Балалар шыдай алмай жылайды. Сол үшін мұздатқышты қайтадан орнатуға тура келеді. Оған 200-300 манат тағы төлейміз”, - дейді Мир-4 шағын ауданының тұрғындары.

Үш жыл бұрын билік көпқабатты үйлердің сыртында орнатылған салқындатқыштар қаланың сәнін кетіреді деп, жаппай алып тастауға бұйрық шығарған. Бұл тұрғындардың қарсылығын туғызған еді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2049
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 3248