Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
Жаңалықтар 2314 0 пікір 22 Қараша, 2010 сағат 10:27

Интернет-конференция: Талғат ТЕМЕНОВ

Есімі көпке мәлім режиссер, халық артисі, Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ  мемлекеттік  академиялық  балалар  мен  жасөспірімдер  театрының  бүгінгі Көркемдік  жетекшісі  және  директоры Талғат Теменов мырза интернет-конференциямыздың қонағы болып отыр. Ол «Abai.kz» порталының оқырмандары тарапынан болатын барлық сауалдарға жауап беруге әзір екендігін айтады.

23 қараша - қазақ киносы мен театрының танымал тұлғасына айналған Талғат Теменовтың туған күні. Оқырман қауым интернет-конференция барысындағы мүмкіндікті пайдаланып, туған күн иесін құттықтап жатса, оған да мархамат!..

 

Өмір-дерек:

Есімі көпке мәлім режиссер, халық артисі, Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ  мемлекеттік  академиялық  балалар  мен  жасөспірімдер  театрының  бүгінгі Көркемдік  жетекшісі  және  директоры Талғат Теменов мырза интернет-конференциямыздың қонағы болып отыр. Ол «Abai.kz» порталының оқырмандары тарапынан болатын барлық сауалдарға жауап беруге әзір екендігін айтады.

23 қараша - қазақ киносы мен театрының танымал тұлғасына айналған Талғат Теменовтың туған күні. Оқырман қауым интернет-конференция барысындағы мүмкіндікті пайдаланып, туған күн иесін құттықтап жатса, оған да мархамат!..

 

Өмір-дерек:

Талағат Теменов 1954 жылы  23 қарашада  Алматы  облысы,  Шелек  ауданындағы  Малыбай  ауылында  мұғалімдер  отбасында  дүниеге  келген.          1972 - 1976 жылдар  аралығында  Құрманғазы  атындағы  Алматы  мем-лекеттік  консерваториясының  театр  факультетінің  кино  және  театр  арти-сі  бөлімінде  оқып,  актерлық  мамандығын  алған  соң,  1976-1980 жылдары  Талдықорған  облыстық  драма  театрында  жұмыс  істеді.  Шығармашылық  ізденіс,  кино  өнеріне  құштарлық  оны  «Қазақфильм»  киностудиясына  алып  келді.  Онда  режиссердің  көмекшісі  және  сценарист  болып  қызмет  етті.  1982 - 1986 жылдар  аралығында  Мәскеудегі  Сценаристер  мен  режиссерлердің  жоғарғы  курсында  Сергей  Соловьевтің  шеберханасында  білім  алды.  1988 жылы  «Мосфильмде»  «Адамдар  арасындағы  бөлтірік»  фильмін  түсірді.  Ол  түсірген  «Қызғыш  құс»,  «Махаббат  бекеті»,  «Қаза-дан  кейінгі  жаза»  фильмдері  әлденеше халықаралық  кинофестивальдерде  жүлделерге  ие  болды.

Талғат  Теменов:  1994 - 2000  жылдар  аралығында  Т. Жүргенов  атындағы  Театр  және  кино  институтының  ( қазіргі Өнер Академиясы ) ректоры  және  2000 - 2003 жылдары  «Қазақфильм»  киностудиясының  көркемдік  жетекшісі  қызметтерін  атқарған.

Ол:

- 1986 жылдан  Қазақстан  Ленин  Комсомолы  сыйлығының  лауреаты;

- 1993 жылдан  Қазақстан  Республикасының  еңбек  сіңірген  қайраткері;

- 1998 жылдан  Қазақстан  Республикасының  халық  артисі.

- 2005 жылы  ҚР-ның  «Құрмет»  орденін  иеленген.

- 2006 жылы  «Алтын  адам»  атанған.

Т. Теменовтің  соңғы  кезде  жазған  «Көгілдір  такси»,  «Алма  бағы», «Мулен Ружға  шақыру»  пьесалары  республика  театрларының  біразында  қойылып,  көрерменін  көзайым  етіп  келеді.

Ал,  оның  актер  ретінде  сахнада  сомдаған  Қалдан  Серен ( Т. Қалилаханов ,,Алтын бесік,, ), Жантай  ( Ш. Айтматов ,,Жәмилә,, ), Хайдарбек  ( Қ. Мұхамеджанов ,,Өзіме де сол керек,, ), Хлестаков  ( Н. Гоголь ,,Ревизор,, ) сияқты  образдары  кезінде  қазақ  сахна  өнерінің  өресін  биіктеткен  бейнелер  болды.

Талғаттың  диплом  жұмысы  ретінде  түсірген  ,,Торо,,  ( Киев, ,,Жастық-86,, кинофестивалі ), ,,Адамдар  арасындағы  бөлтірік,,  ( Германияда өткен халықаралық фестиваль, 1999 жыл ) бірден  бірнеше  жүлделерді  иеленді.

Қазақ  кино  өнері  үшін  белесті  кезең  болып  табылатын  ,,Көшпенділер,,  фильмінің  көркемдік  поэтикалық  болмысындағы  мерей-мәртебені  өсірер  көріністер,  сөз  жоқ,  ең  алдымен  Т. Теменовтің  табандылығы  мен  дарынының  жемісі...

Т. Теменов  2005 жылдың  25 тамызынан  бері,  Ғ. Мүсірепов  атындағы  Қазақ  мемлекеттік  академиялық  балалар  мен  жасөспірімдер  театрының  Көркемдік  жетекшісі  және  директоры  қызметін  атқарып  келеді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1555
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3355
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6244