Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2547 0 пікір 24 Қараша, 2010 сағат 07:23

Мәжіліс техникалық тексеру қызметін бәсекелестік ортаға беруді қарастырған заң жобасын мақұлдады

Астана. 24 қараша. ҚазТАГ – Елена Преображенская. ҚР парламент мәжілісінің депутаттары сәрсенбі күні алқа отырысында техтексеру функциясын бәсекелестік ортаға беруді қарастырған«Механикалық көлік құралдары мен оларға арналған тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымында мақұлдады.

Бұрын хабарланғандай, заң жобасына сай, техникалық байқаудан өткізудің жаңа тәртібін 2011-шы жылдан бастап енгізу қарастырылған. Бұл ретте 2011-ші жылдың шілдесіне дейін өтпелі кезең қарастырылған. Заң күшіне енгенге дейін техтексерумен жол полициясы органдары айналысатын болады.

Құжатқа сай, ІІМ-де техникалық тексеруді (ТТ) дер кезінде өтіп тұруын бақылау функциясы сақталады. ККМ орталықтардағы ТТ сапасына және тәртібіне бақылау жүргізеді. ҚР үкіметі ТТ өткізудің тәртібі мен мерзімін анықтайды.

«Көлік құралдарының техникалық байқауын техникалық тексеру жүргізуге арналған тиісті желімен жабдықталған жекеменшік орталықтар жүргізеді. Олар автоматты түрде тежегіш жүйесінің, рульдік басқарудың тиімділігін, жарық шамдары мен сыртқа шығарылатын ластағыш газ мөлшерінің экологияға және олардың жол қозғалысының қауіпсіздігіне  тигізетін әсерін анықтайтын  тұрақты және жылжымалы желілер», - деді ҚР көлік және коммуникация министрі (ККМ) Әбілғазы Құсайынов, депутаттарға осы заңға енгізілеген түзетулер мен толықтыруларды таныстырып тұрып.

ККМ басшысының айтуынша, техникалық байқау қорытындысы бойынша оны жүргізген орталықтар міндетті техникалық байқаудан өткендігі туралы куәлік береді және көрсетілген қызметінің сапасына деген жауапкершілікті аталған орталық өз мойнына алады.

Техникалық байқау орталықтарының қызметкерлерінің өз жұмысына салғырттықпен қарағаны үшін 40 АЕК (1АЕК – Т1413) мөлшеріндегі заң алдындағы жауапкершілік қарастырылған. Сондай-ақ техникалық байқаудан өткендігі туралы сертификат үшін 0,5 АЕК мөлшеріндегі мемлекеттік баж салығы  қарастырылған.

ККМ мәліметтерінше, соңғы 10 жылда көлік саны 2 еседен артық өсіп, 1 млн 500 мың автомобильден 3 млн 300 мың көлікке жетті. Олардың түрлері мен техникалық жабдықталуы да айтарлықтай өзгерді. Бұл ретте көлік құралдары паркінің 80%-нан астамының пайдалану мерзімі 7 жылдан асқан, оның ішінде 520 мың автокөліктің пайдалану мерзімі 20 жылдан асқан.

ККМ республикада тіркелген автокөліктерге талдама жасай отырып, республикадағы техникалық байқау жүргізетін орталық желілеріне деген ең төменгі қажеттігін бекітті. Ол жеңіл автокөліктер үшін - 433 желі және жүк көліктері үшін 150 желі деп бекітілді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435