Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2759 0 пікір 24 Қараша, 2010 сағат 10:00

Ризат БАҚЫТБЕК. Ассимиляция құрсауында қалу – қауіпті

Әлемнің 44 мемлекетінен тұрақ тапқан сырттағы қазақтың саны шамамен 5 миллионға жуықтайды. Соның 4 миллионы үш елдің еншісінде. Таратып айтсақ, Қытайда 1,5 миллион, Өзбекстанда 1,5 миллион және 1 миллионға жуығы Ресейде шоғырланған. Қалған бөлігі Моңғолияда (130 мың), Түркіменстанда (70 мың), Қырғызстанда (45 мың), Ауғанстан (30 мың) мен Түркияда (25 мың) біршама тығыз және жинақы орналасқан.

Қазақтар қалың шоғырланған үш мемлекеттің ішінде алдымен ауызға ілігетіні - аспан асты елі. Ресми дерек көздері Қытайда 1,5 млн. қазақтың бар екенін алға тартады. Бейресми деректерге сүйенсек, ондағы алаштың ұрпағы 2 миллионнан асып жығылады. Негізінде «ирридиент» ұғымын атамекенінен аттап шықпай-ақ шекара сызылған тұста басқа елдің аумағында қалып қойған ұлтқа қатыстырып айтады. Қытай, Өзбекстан, Ресейдегі қазақтардың дені осы шекара бөлісінің «құрбандары». Аспан асты еліндегі ағайындардың басым бөлігі қазақтың ежелгі мекені -  Алтай, Іле, Тарбағатай аймағында ерте заманнан тұрады. Демографтардың тілімен айтқанда, олар диаспора өкілдері емес, ирридиенттер.

Әлемнің 44 мемлекетінен тұрақ тапқан сырттағы қазақтың саны шамамен 5 миллионға жуықтайды. Соның 4 миллионы үш елдің еншісінде. Таратып айтсақ, Қытайда 1,5 миллион, Өзбекстанда 1,5 миллион және 1 миллионға жуығы Ресейде шоғырланған. Қалған бөлігі Моңғолияда (130 мың), Түркіменстанда (70 мың), Қырғызстанда (45 мың), Ауғанстан (30 мың) мен Түркияда (25 мың) біршама тығыз және жинақы орналасқан.

Қазақтар қалың шоғырланған үш мемлекеттің ішінде алдымен ауызға ілігетіні - аспан асты елі. Ресми дерек көздері Қытайда 1,5 млн. қазақтың бар екенін алға тартады. Бейресми деректерге сүйенсек, ондағы алаштың ұрпағы 2 миллионнан асып жығылады. Негізінде «ирридиент» ұғымын атамекенінен аттап шықпай-ақ шекара сызылған тұста басқа елдің аумағында қалып қойған ұлтқа қатыстырып айтады. Қытай, Өзбекстан, Ресейдегі қазақтардың дені осы шекара бөлісінің «құрбандары». Аспан асты еліндегі ағайындардың басым бөлігі қазақтың ежелгі мекені -  Алтай, Іле, Тарбағатай аймағында ерте заманнан тұрады. Демографтардың тілімен айтқанда, олар диаспора өкілдері емес, ирридиенттер.

Тағдыр тәлкегімен Қытайда қалып қойған қазақтардың қиыншылығы да аз емес. Соңғы жылдары қазақтар ең көп қоныстанған аймақтарда қытайландыру саясаты белсенді жүргізілуде. Мәселен, Алтай аймағына кейінгі бес жылда 40 миллионнан астам қытай қоныстанған. Соның салдарынан Шыңжан мектептерінде барлық пән қытай тіліне көшірілген.  Қытай үкіметі қазақтарды атажұртына жіберуге құлықты емес. Бес ғасыр алдағысын ойлайтын қытайлықтар көрші елде демографиялық дүмпудің өрістеуіне іштей қарсы. «Бір-бірін жақсы танитын қазақстандықтарды» қалпақпен ұрып алатындай әлеуетіне сене ме, әйтеуір біртіндеп ханзу жұртының өкілдері бос кеңістікті игеруді жүзеге асыра бастағандай.

Дипломатия тілінде қытай-қазақ қарым-қатынасы жоғары деңгейге көтерілді десек те, әлі күнге дейін екі ел арасында көші-қон келісімі жоқ. Арғы беттегі ағайындардың жаппай қоныс аударуына қолбайлау болып отырған басты мәселе осы. Қытайдағы қазақтардың жылдық өсімі 26 мың адамды құрайды. Орташа есеппен алғанда бұл - 5000 отбасы деген сөз. Ал аспан асты елінен келетін бауырларымызға бөлінетін квота 1000 отбасыдан асып көрген емес. Қысқасы, бір жылдағы қазақтың өсімін де қабылдай алмай отырмыз. Он алты жылдың ішінде аз келгені де Алтайдың ар жағындағы ағайындар. Сол себепті Қытайдағы қазақтардың түйінді мәселесін мемлекеттік деңгейде тарқататын уақыт әлдеқашан келді.

Орта Азиядағы халқы ең көп ел - Өзбекстан. Халқының саны 25 миллионнан асып жығылады. Өзбектер барша халықтың 85 пайызын құраса, тәжік пен қазақтың да басқалардан бәсі жоғары. Сондай-ақ, республикада қарақалпақ, орыс, кәріс сияқты 100-ден астам ұлт бар. Алайда ұлттық намысты бәрінен биік қоятын өзбектер басқаның көңіліне қарап жалтақтаған емес. Олар да жаппай өзбектендіру саясатын жүргізіп келеді. Саясаттың салқынынан республикадағы миллионнан астам қазақтар да тыс қалып жатқан жоқ. Мәселен, өткен ғасырдың 90-жылдары Өзбекстанда таза қазақ тілінде білім беретін 1500 мектеп болса, қазір олардың саны 500-ге де жетпейді. Өзбекстандағы қазақтар атажұртқа үдере көшіп жатыр дегеннің өзінде де,  көш-керуеннің салмақтысы әлі алда.

Өзбекстандық қазақтардың да проблемасы бір басына жетерлік. Қазақ тілінде білім беретін мектептер үш есеге қысқарған. Бір ғана мысал, Науаи облысы -  қазақтардың ең көп шоғырланған аймағы. Тамды, Үшқұдық аудандарындағы халықтың басым бөлігін қазақтар құрайды. Соған қарамастан ана тіліндегі білім ошақтары күн санап кеміп жатыр. Неге? Себебі соңғы кезде қазақ мектептерінде өзбек тіліне баса мән берілуде. Қазақ тілі қысқарып, керісінше мемлекеттік тілді, яғни өзбек тілін оқыту сағаты күрт көбейген. Бұған қоса Өзбекстанның латын әліпбиіне көшкені де жығылғанға жұдырық болып тұр. Күнделікті шығып жатқан басылымдардың латын әрпінде шығуын былай қойғанда, кириллицаны танымайтын буын өсіп келеді. Енді 5-10 жылда өзбекстандық қазақтар рухани тұтастықтан мүлде алыстап кетуі мүмкін. Өзбекстанда өзбек мектептеріне қоса, іс-қағаздары латын әліпбиінде жүргізіледі. Қазақ және өзге ұлт мектептері кириллицаны әлі пайдаланады. Әйтсе де, жоғары оқу орындарына тапсырылатын тест тек латын әліпбиімен жүзеге асады. Бұл қазақ балаларын өзбек сыныптарында білім алуға мәжбүр етіп отыр. Мұның соңы қазақ мектептерінің күн санап жойылуына алып келері анық. Осы мәселелер мемлекетаралық келіссөздер негізінде шешілмесе, Өзбекстандағы қазақтың алдыңғы ұрпақ тәрізді «сіңісіп кетуі» де ықтимал.

Қазақ диаспорасы қалың шоғырланған үшінші мемлекет - Ресей. Яғни Ресей патшасы отарлаған Астрахань, Самара, Омбы, Түмен, Томск, Саратов, Орынбор өңірінде миллионға жуық қазақ түтін түтетіп отыр. Олардың еш жерден ауып бармаған, ирридиенттер екенін жинақы орналасуынан-ақ байқауға болады. Бұған қоса Омбыдағы 100 мың қазақ қоныс тепкен аймақта әлі күнге дейін орыстанбаған, тұнып тұрған қазақы атаулардан аттап жүре алмайсыз. Қалың орыстың ортасындағы омбылық бауырлардың ұлтжанды тірлігі көңіл жұбатады. Әттеген-айы, теріскейдегі көршіміздің аумағында бірде-бір қазақ мектебі жоқ. Ал біздегі орыс мектептерінің санынан «сүрінесің». Миллионға жуық қазақтың мүддесімен Ресей санасқысы келмейді. Екі елдің сенімді әріптестігін дәлелдейтін қаншама келісімге қол қойылды десеңші. Бірақ сол құжаттарда қазақтың мүддесі ескерілмегені қарын аштырады.

Ресейдегі қандастарды алаңдатып отырған мәселе - жастардың қазақ тіліне шорқақтығы. Бүгінде ресейлік ағайындардың арасында ана тілін ересектер жағы болмаса, жастар мүлде білмейді. Тіпті өскелең ұрпақты тіл мәселесі аса мазаламайды. Ересектердің көзі кетсе, Ресейде ана тілінен бейхабар ұрпақтың дәуірі басталмақ. Ендеше, қалың шоғырланғанына қарамастан ассимиляция «құрсауына» ресейлік қазақтар түсіп кетпесіне кім кепіл?!

Осы жерде назар аударарлық бір мәселе, отандастардың ішінде 40-тан жоғары жастағылар ғана қазақ тілін біледі екен. Бұдан аңғаратынымыз, кейінгі жас буын ана тілінен мүлде бейхабар өсіп келеді. Демек шетелдегі қандастарымыз болашақта өзінің ұлттық ерекшелігін, ана тілі мен мәдениетін қалтқысыз сақтаған күйінде өмір сүре ме, әлде сол жергілікті жердің халқымен араласып, ассимилияцияға ұшырап, жойылып кете ме деген үрей де жоқ емес.

Басқаларынан Моңғолиядағы қазақтардың көші ілгері. Жалпы 18 аймаққа бөлінетін Моңғолияның екі аймағында қазақтар басым. Әсіресе, қалың қазақ қоныстанған Баян-Өлгейде Қазақстанның күшімен салынған театр, мұғалімдер дайындайтын училище (кейін Шығыс Қазақстан университетінің филиалы ашылды) бар. Бүгінде екі жақты пікір туғызып тұрған мәселе де осыған келіп тірелуде. Бірінің пікірі қалың қазақ шоғырланып, мәдениеті мен тілін сақтап отырған аймақтарды жаппай көшірудің қажеті не дегенге саяды. Керісінше, олардың көкейінде «соғыс астында қалған, жаппай ассимиляцияға түсу қаупі төнген елдердегі отандастарды дереу жинап әкелу керек» деген ой басым. Алайда, атажұртқа көшкісі келген ағайынды «Тұра тұрыңдар, сендерде қазақша мектеп бар, мәдениет орны бар», деп кеудеге итеру де ақылға сыйымсыз. Әлемде шашырап жүрген 5 миллион қазақтың 4 миллионға жуығының жоғарыда аталған үш-ақ елде қоныстанғанын ескерсек, ондай саясатты мүлде санадан сызу керек.

Көршінің көңіліне қарасақ, 2015 жыл тұрмақ 2020 жылда да 20 миллионға жете алмасымыз анық. Ұлы көш - көшіріп әкелуге де, орналастыруға да оңай. Демографиялық саясаттың оңтайлы шешілуі де, қыл үстінде тұрған тіл тағдыры да осы жаппай қоныстандырудың арқасында жүзеге аспаса, басқа уақытта қозғала қоюы неғайбыл. Шетелден басы артық жұмыс күшін тартқанша, неге өз отандастарымызға арқа сүйемеске?! Бейресми ақпараттар отандастардың 80 пайызының жастар, оның ішінде еңбекке жарамдысы 50 пайызды құрайтынын алға тартады. Қорыта айтқанда, 1991 жылдан күні бүгінге дейін 651 мың 299 адамның туған топыраққа табаны тиген. Бүгінде олар елдің демографиялық, экономикалық өркендеуіне өзіндік үлесін қосып жатыр. Қазақстан алдағы уақытта да әлеуеті мықты мемлекетке айналсын десек, сыртта жүрген қазақтардың басын атажұртқа түйістіруге қызмет етуі тиіс.

«qogam.kz» сайтынан

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434