Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4121 0 пікір 12 Тамыз, 2017 сағат 18:48

Жетісу казактары Одағына 150 жыл толды

Алматыда дүркіреген думан өтті. Достық үйінде Жетісу казактары Одағының құрылғанына 150 жыл толуына орай мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Бұл туралы "Abai.kz" ақпараттық порталы хабарлайды.

Алматы қаласында орналасқан Достық үйінде тамыздың 12- күні  Жетісу казактары Одағының 150-жылдығына арналған іс-шара өткізілді.

Іс-шараны «Жетісу казактары Одағы» Қоғамдық бірлестігінің, «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдарының ассоциациясы» ЗТБ, «Жетісудің халық дәстүрлері» ҚБ Алматы қ. әкімділігінің, ҚХА хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» КММ және Астаналық және Қазақстандық митрополит Александрдың қолдауымен ұйымдастырды.

Іс-шара ЖКО аудандық және облыстық филиалдарының, Православиелік шіркеудің өкілдері, Алматы қ. мен облысының этномәдени бірлестіктерінің мүшелері, «КСОА» ЗТБ республикалықы кеңесінің мүшелері мен Ресей Федерациясынан келген қонақтардың қатысуымен өтті.

Алматыдағы Достық үйінде өткізілген дөңгелек үстелде Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевке Қазақстандағы бірлік пен бейбітшілікті күшейту, экономиканы белсенді дамыту мен халықтың материалдық қамсыздандыруды көбейтудегі аса маңызды жұмысы үшін алғыс білдірілді.

Айта кетейік, Жетісу Казактары Одағының өкілі Владимир Шихотов мырза "Abai.kz" ақпараттық порталына сұхбат беріп, одақтың қазіргі тыныс-тіршілігі туралы айтып берген болатын.

Алматыда өткен бұл игі шараға "Abai.kz" ақпараттық порталы да құрметті қонақтар қатарында шақырылды.

Ерғали Берікұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5510