Сенбі, 23 Қараша 2024
3060 0 пікір 13 Тамыз, 2017 сағат 19:02

Алматыда кәріс мәдениетінің күні өтті

Тамыздың 12- күні Алматыда орналасқан Орталық мәдениет пен демалыс саябағында кәріс мәдениет күніне орай іс-шара өтті деп, хабарлайды "Abai.kz" ақпараттық порталы.

Кәріс мәдениет күнін жыл сайын Алматы кәріс ұлттық орталығы өткізіп келеді. Оның мақсаты ұлтаралық келісім мен бірлікті күшейту болып табылады. Мерекеге жиылған жұрттың қарасы көп болды. Қонақтар кәріс дәстүрлері, салттарымен танысып, халықтық өнерді тамашалады.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Божко Владимир Карпович, Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының жетекшісі Балғынбаев Назар Албанович, Алматы қаласының әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Мұрынова Жаннат Шарапханқызы, Алматы кәріс ұлттық орталығының төрағасы Шин Бронислав Сергеевич, Алматы қ. этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен мүшелері, қала тұрғындары мен қонақтары арнайы келіп қатысты.

Концертке қатысушылар – АКҰО шығармашылық ұжымдары. Мерекені ұйымдастыруға Мемлекеттік республикалық академиялық кәріс музыкалық комедия театрі мен Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясы көмек көрсетті.

Іс-шара ресми тұлғалардың сөздерінен басталды. Шараның салтанатты бөлімін Алматы кәріс ұлттық орталығының төрағасы Шин Б.С., уақытты жақсы өткізуді тілеп, ашты.

Сонымен бірге, қатысушылардың барлығын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Божко В.К. мерекемен құттықтап, кәріс диаспорасы өкілдерінің Қазақстанның дамуына салған күшін белгілеп айтты. Алматы қ. ресми сапармен келген, Кәріс Республикасы Ұлттық Ассамблеясының (Парламент) депутаттары да өз аталастарына жылы сөздер айтты.

Концерттік бағдарламада «Бидульги», «Намсон», «Саран» ансамбльдері, «Родина», «Бидангиль» хорлары, «ИНСАМ», «Радуга» би топтары және тағы басқалары өз өнерін көрсетті.

Ерғали Берікұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5512