Жұма, 9 Қазан 2026
5132 1 пікір 7 Қыркүйек, 2017 сағат 09:37

Трамп: "Солтүстік Кореяға қарсы әскери қимыл жасау – біздің бастапқы жоспарымыз емес"

АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Кореяға қарсы әскери қимыл "бастапқы әрекет еместігін" мәлімдеді. Ол бұл мәселені Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен талқылағанын хабарлады.

"Си әрекеттеніп көргісі келеді, оның бұл ісінен не шығарын көреміз, бірақ біз Солтүстік Кореяда болып жатқан нәрселерге бейжай қарай алмаймыз", - деді Трамп.

"Президент Си менімен жүз пайыз келіседі деп есептеймін. Ол да қазір болып жатқан әрекеттермен келісе алмайды... Біз телефон арқылы ашық сөйлестік".

Екі мемлекет басшыларының телефон арқылы әңгімелесуі туралы Ақ үй таратқан хабарламада "президенттер Солтүстік Кореяның арандатушылық әрекеттерін сынады" делінген.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 908
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1209