Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3157 0 пікір 26 Қараша, 2010 сағат 06:30

Амангелді Құрметұлы «Өркениетті орыс тілділер жасайды...»

Иә, тура осындай атпен «Время» газеті мақала басты. Сенбесеңіздер, сайтында ілулі тұр. Естеріңізде болcа, журналист Өркен Кенжебектің «Ит аузына ағаш тығу» деп аталатын мақаласы баспасөзде жарық көрген еді. Бұл мақалада тағы сол «Время» газетінде жарық көрген «Нацию сформируют русскоязычные...» мақалаға қатысты ой айтылған еді. «Времяға» сұхбат берген Қанат Қабдрахманов деген жазушы қазақ қоғамында орыстілді қазақтардың «мықты» екендігін айтып еді. Шамасы, Өркеннің айтқандары Қанат Қабрдахмановтың шамына тисе керек, тағы да «Времясына» жүгініпті.

Иә, тура осындай атпен «Время» газеті мақала басты. Сенбесеңіздер, сайтында ілулі тұр. Естеріңізде болcа, журналист Өркен Кенжебектің «Ит аузына ағаш тығу» деп аталатын мақаласы баспасөзде жарық көрген еді. Бұл мақалада тағы сол «Время» газетінде жарық көрген «Нацию сформируют русскоязычные...» мақалаға қатысты ой айтылған еді. «Времяға» сұхбат берген Қанат Қабдрахманов деген жазушы қазақ қоғамында орыстілді қазақтардың «мықты» екендігін айтып еді. Шамасы, Өркеннің айтқандары Қанат Қабрдахмановтың шамына тисе керек, тағы да «Времясына» жүгініпті.

Мына «Время» құтырып тұр. «Іштен шыққан шұбар жылан» Қабдрахмановтың алғашқы сұхбатын «Нацию сформируют русскоязычные...» деп жарияласа, «Өркенге ренжіп, «мені түсінбеді» деп қайтадан «Времяға» шағым айтқан халықаралық ПЕН-клубтың мүшесі, жазушы (қазақтар үшін- «жазушысымақ») Қабрдахмановтың жаңа тұжырымдарын бұл газет тіптен айқайлатын жіберіпті. Тақырыбы-«Цивилизацию создадут русскоязычные...». Қазаққа қарсы шықпаса ішкен астары бойына сіңбейтін «Время» «қарсы соққыны» күшейткен тәрізді. Қанат Қабдрахманов әу бастағы «ұлтты орыс тілділер қалыптастырады» дегенін тіптен күшейтіп, «Өркениетті орыс тілділер жасайды» деп бөсіпті.
Сонымен Қабрдахмановтың пәсапасына сенсек, «ұлтты, өркениетті құру мәселесі ең алдымен гуманитарлық, дүниетанымдық сипатта болса керек. Бұрын-соңды тарих сахнасына келіп-кеткен өркениеттер де, қазіргі өркениеттер де ең алдымен халықтың бірлікке деген ұмтылысы негізінде құрылған» дейді жазушы. Әрине, мұнымен келісуге болады. Қазақ «алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел босла төбедегі келеді» деп бірліктің, әсіресе ұлттың бірлігінің маңызды екендігін Қабдрахмановтан әлдақашан бұрын айтып кеткен.
Содан соң, Қабдрахманов «менің ойымша біздің ортақ үйіміздегі тыныштықты сақтап, бәрімізді жақындастырып тұрған нәрсе- баршамыздың төзімділігіміз. Бұл бізге КСРО-дан қалған мәдени мұра»-дейді. Стоп! Сонда Қабдрахмановтың ұғымынша, КСРО-дан бұрын қазақ өзгені «алдынан келсе тістеп, артынан келсе теуіп» жолатпай қойып па? КСРО-дан қазаққа қалған ең үлкен «мұра» -құлдық сана екендігін мойындасақ керек-ті. Сол құлдық пиғылдан құтыла алмаған Қабдрахманов «орыс тілінсіз өмір жоқ» деп қатты айтсақ, «лағып» кетіпті
Енді әр қарай жалғастырайық, сонымен Қабдрахманов «бізде қазір ортақ идеология жоқ, бәріміз бірдей сөйлейтін ортақ тіл де жоқ. Біз әртүрліміз, бірақ бір-бірімізге төзіммен қараймыз, «мысықтілеулі» емеспіз» дейді. Әрине, идеология мәселесімен келісеміз. Алайда, тіл мәселесінде кедергі жасап жүргендер осы Қабдрахманов сияқтылар екендігін ұмытпасақ керек. Рас, қазақ өзгелер үшін «мысықтілеулі емес», бірақ өзгелер «сыйға- сый, сыраға -бал» жасай ма? Жоқ әрине. Егер қазақ өзінің ұлттық мүддесі туралы айта бастаса оны «біздің құқымызды шектеп жатыр» деп бағалайтындар аз емес. Күздегі Захаровтың мәлімдемесі, Қызылжарға қатысты дау соның айғағы.
Тағы сол «Времядағы» «жаңа» мақалаға оралсақ Қабдрахманов «Төзімділік мәдениеті- біздің туа біткен қасиетіміздің бірі, алайда онда қазіргі дәуірдің идеологиясы жоқ. Тіпті, онда басқаша сипаттағы қоғамдық-саяси құрылым шарттарындағы жалпыға бірдей мәдени қоғамдасуды қолдауға қажетті нақты идея да жоқ» дейді. Демек, қазақтың кеңқолтық болуы бүгінгі күннің талаптарына сәйкес келмейтін көрінеді. Сондықтан, жаңадан мәдениет қалыптастыру керек болып тұрған сыңайлы. Қабдрахмановтың логикасы.
«Кез-келген елдің мәдениетінің негізінде ұлттық дүниетаным жүйесі жатыр. Егер осы жүйе адамдарды бөліп-жармайтын болса, сол елде баршаның көңілінен шығатын өркениет қалыптасады» дейді мына мырза. Дұрыс. Дүниетаным мәселесі маңызды. Бірақ, қазақтың дүниетанымында адам түгілі, айуанды да зәбір-жапаға қимайтын «обал» ұғымы бар. Бүгінгі татулық пен бірлікті сақтауға сол да жетер еді. Бірақ, Қабдрахманов жаңа дүниетаным қалыптастырғысы келетін тәрізді.
Тағы да «Егер ұлттық дүниетаным іштей қайшылықтарға толы болса, оның бөлімдері бір-біріне қас болса, онда елдегі бірлік пен өркениет жайлы сөз қозғау да артық»-дейді. Бір ұлттың дүниетанымы сан-саққа бөлінеді дегенді бұл мырза қайдан шығарды? Сонда Қабдрахманов қазақтың танымы өзгеретіндей бәлен дінге бөлінді деп ойлай ма? Қазіргі мәселе тек тілден туындап отыр ғой. Дүниетаным деген ауқымды мәселе. Онда дін де, тіл де, салт-дәстүр де жатыр. Қазіргі кезде орысша сөйлейтін қазақтардың арасында салт-дәстүрді сақтайтындар да көп. Барлығы Аллаға сенеді деуге болады. Сонда, орыстілді қазақтар мен қазақ тілінде сөйлейтіндердің арасында дүниетанымдық қайшылық бар деуге бола ма? Рас, айырмашылықтар жоқ емес, бірақ ол дүниетанымдық деңгейге көтерілмеген мәселелер.
«Біздің ұлттық дүниетанымымыз қандай? Қазір ол кем дегенде 3 түрлі бөлімнен тұрады: 1) өздерін «ұлтшыл-патриоттар» деп атайтын адамдар жүргізіп жатқан идеология; 2) қалалық, әсіресе орыс тілді қазақтар қалыптастырған идеология; 3) орыс тұрғындардың идеологиясы» Бұл да Қанат Қабдрахмановтың сөзі. Оның ойныша дүниетаным осы екен. Яғни, идеологиямен өлшенетін болса керек.
«Бұл мәселеде орыстар «ұлтшыл-патриотардың» ұстанымдарын түсінбейді және қабылдамайды, ал ұлтшылдар өз кезегінде орыстарға жау пиғылда, қыңыр, орыстар олармен қазақ тілінде сөйлескісі келмейді. Егер осы топтардың арасында орыс тілді қазақтар демпфера болмаса, онда олардың арасында қақтығыс болмауы мүмкін емес, тіпті әлдеқашан шыққан болар еді»
Бұл да Қабдрахмановтың «Времядағы» былапыты. Сонда, қазақ ұлтының ортақ мүддесін жоқтап жүрген «ұлтшыл-патриоттар» қолдарына қару алып, орыстарды атып-аспақ ниетте ме?! Ең қыңыр ұлтшылдың өзі мәселені бұлай қоймайды. Әлгі Захаров дегеннің «билікте бізді жақтайтын 20 шақты шенеунік бар» деуі осы Қабдрахмановтарға қарата айтылған шығар. Орысшыл болып кеткен осындай ұлтсыздар халық алдындағы айыбын мойындап, үйріге қосылуға талпынғанның орнына, өздерін ақтаумен әлек болып жүр. Орыс тілді қазақтар ешқашан ұлтшылдар мен орыстардың арасында демпфера болған жоқ. Оның қажеттілігі де аз.
«Ұлтшыл-патриоттарда» тек олар ашық айтатын бір ғана идея бар. Ол-Қазақстанда барлық тұрғындар қазақша сөйлеуі тиіс. Қазақ тілінің басымдық алуын ең алдымен қоғамда қазақ мәдениетінің басымдыққа ие болуы деп бағалауға болады». Бұл да сол Қабрдахмановтың айтқандары. Сонда, мемлекеттік тілде баршаның сөйлеуі заңға томпақ келе ме? Орыс тілділер «батыстың мәдени құндылықтарын орыстың тілінсіз игере алмаймыз» деген ойдан арылмай жүр. Мынау да соның көрінісі. Тіпті, Қабдрахманов «мәдениет» деп орыстардың ұғымы тұрғысынан қарастыратын тәрізді. Қазақтың салты мен дәстүрі, тілі мен діні, өнері, тіпті өмір сүру салты да мәдениет. Түріктің атақты ақыны Мехмет Акиф Ерсой батысшылдардың «мәдениет» дегеніне «Мәдениет- деп жүргендерің жалғыз тісі жалған жыртқыш. Менде иман толы кеудем бар» деп жауап беріпті. «Времяның» «тұрақты клиентіне» де осылай деуге болатын шығар.
«Ұлтшыл-патриоттар» қандай қазақ мәдениетін ұсынады? Орыстандыру болмай тұрған кездегі бабаларымызда болған мәдениет пе?
Бірақ, орыстандыру тек тілдік бағытта ғана емес, ең алдымен өркениет тұрғысында Қазақстанда 250 жылға жалғасқан жоқ па?
Сонда, біздің тарихымыздан екі жарым ғасырды қалай алып тастайсыз? Біздің санадан екі жарым ғасыр бойы халық ретінде немен өмір сүргенімізді қайтып алып тастайсыз? Осы ғасырлар ішінде халықта пайда болған дүниелерді қалай алып тастайсыз?
Қазақтарды орыстандырудың ақырғы нәтижесі ретінде орыс тілді қазақтар пайда болды» дейді Қабдрахманов. Рас, екі жарым ғасыр ішінде көп дүние жоғалттық, біраз дүниеге де қол жеткіздік. Бірақ, ең үлкен қорлық-орыстілді қазақтардың пайда болғандығы. Шамасы, одан да үлкен қорлық сол орыстілділердің үйріге қосылғысы келмейтіндігі болса керек. Қабдрахманов жанталасып өздерінің де қазақ қоғамы үшін қажет екендіктерін, «шіріген жұмыртқа» емес екендіктерін айтып жатыр. Дәлелдемек ниетте. Әрі қарай...
«Орыс тілді қазақтардың рухын жоғалтатан ұшқарылық-космополитизм» Бәрекелді, Қанат Баянұлы! Осы жолы дұрыс айттыңыз. Сіз де осы комополитизмнен арылсаңыз абзал болар еді. Әттең, бірақ...
«Ұлтшыл-патриоттардікі»-шовинизм» Тоқтаңыз, Қанат Баянұлы. Келіспейміз. Ұлтшылдар жер-су мен қалаларға байырғы атауды қайтар десе, «20 жыл болды, мемлекеттік тілді үйренбедіңдер. Үйренсеңдерші» десе, «бәріміз қазақша сөйлейікші», «жердің асты мен үстіндегі байлық тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кетпесін» десе шовинизм бе? Қаталеспесем, «Күн көсем» Ленин жолдас «Аз ұлттардың ұлтшылдығы-тарих сахнасынан кетпеудің жолындағы жанталас, Ірі ұлттардың ұлтшылдығы-шовинизм» депті. Егер осы тұрғыдан қарастырар болсақ, қазақтың ұлтшылдығы ХХІ ғасырда өзгемен терезесі тең болуы үшін, дәлірек айтсақ ұлт ретінде өмір сүруі үшін жасап жатқан жанкешті қадамдары. Ал, Сіз басқаша сайрайсыз?
«Осы екі ұшқарылықтың көңілге қонымды ортасы қайсы?
Сөз жоқ біз, «ұлтшыл-патриоттардың» ұрандарынан байқалатындай ХҮІІ ғасырға орала алмаймыз.
Сол сияқты, халық ретінде ХХІ ғасырда да мәдени тұрғыда құрығымыз келмейді» Бұл сөздер де Қанат Баянұлына тиесілі. Бұл кісіні де жазушы дейді-ау. Қазір қай ұлтшыл ХҮІІ ғасырға оралып, «мал бағайық, атпен жүрейік, елімізді найза- қылышпен қорғайық» деп жүр. Ұлттың мүддесін жоқтаушылар тек, бұрынғы әдемі мәдениетіміз қайта жаңғырсын, «дәстүрдің озығын алып, тозығын тастайық» деп жүрген жоқ па? Қанат Баянұлы мұны ұқпады. Өресі жетпеді-ау шамасы.
«Бүгінде үш топқа бөлінген адамдарды , біздерді біріктіре алатын ұлттық дүниетанымның заманауи жүйесі қандай болуы керек?
Бұл жүйе космополиттік болмауы керек екендігі түсінікті. Өйткені, космополитизм, мәдениетсіз, адами құндылықтардан ада. Сонымен бірге өмірдің жаңа пәлсапасы мәдени өмірден бір этникалық мәдениетке жатпайтын адамдарды шығарып тастайтын шовинизмге де негізделмеуі керек.
Жаңа қазақ мәдениеті тартымды, адамдарды бір-бірінен алыстататын емес, біріктіретіндей болуы керек.
Орыс тілді қазақтар орыс мәдениетіне жақындау, бірақ орыс мәдениетінің өкілдері емес. Көп жағдайда біз бабаларымыздың дәстүрлі мәдениетіне де жақынбыз, бірақ оның толық мұрагері де емеспіз. Осы екі мәдени жақындығымыз бізде төзімділік пен ашықтықты қалыптастырады. Орыс тілді қазақтар үшін негізі бәрін жоққа шығару идеясы жат» Түу, мынау қатты кетті. Қанат Қабдрахмановты айтам. Бұл кісі елді біріктірудің орнына, іріткінің көкесін өзі салып отырғанын білмейтін тәрізді. Сонда, орыс тілді қазақтар жаңадан мәдениет жасап, өркениет құрмақ па? Онсыз да ұлы өркениет жасаған бабалардың мұрасын жаңғыртып, ХХІ ғасырда қазақтың рухын жаңа технологиялар арқылы, ерен еңбек пен білім арқылы, ұлттық ауызбіршілік арқылы әлемге паш ету бар қазақтың мұраты болса керек-ті. Ал, мынау бір ұлтты бірнешеге бөлмек ниетте отыр.
«Орыс тілді қазақтардың басты артықшылығы -отандық мәдениетке сезімталдықпен қарауда емес, саналы түрде зер салуында. Бұл көзқарас көпті көрген, көп нәрсе жоғалтқан және өздеріне не қажет екендігін білетін адамдардың ұстанымы. Біз өмірдің маңызды міндеті ретінде қазақ тілінің басымдыққа ие болуын күштеп таңуды емес, отандық өркениеттің моделін қалыптастыруды бағалаймыз. Қазақ тілі-бұл өзін-өзі көрсету құралы, мәдениет құралы, бірақ мәдениеттің дәл өзі емес. Қазақ тіліне лайықты орын берілетін жаңа мәдениет жасалып жатқан кезде, бұл тілге ештеңе де қауіп төндірмейді» Тағы да сол Қанат Баянұлының әңгімесі бұл. Қабдрахмановтың бұл сөзі әрі-беріден соң, барша қазақты қаралау. Тіпті, орыстілді қазақты ұлт ретінде бөлуді көздейтін тәрізді. «Қазақ тілді қазақтардан артықпыз» дейді. Олар кез-келген мәселеге саналы түрде зер салатын көрінеді-мыс. Яғни, Қабдрахманов сияқтыларды айтам. Сонда, біз, мына қазақ тілін құрал еткендер (Қанат Баянұылының ұғымынша «қазақ тілі-мәдени құрал») снасыз болдық па? Бәріне эмоциямен қарайтын болдық қой? Кім қазақ тілінің басымдыққа ие боулын күштеп таңғалы жатыр? Керісінше, талай уақыт беріп, түсіністікпен қарап, «құлдықтың қамыты батты ғой, асықпай ана тілдерін үйренер» дедік емес пе?! Сөйтсек, Қабдархманов сияқтылар өздерінше мәдениет жасамақ ниетте екен. «Времядағы» мақаладын осыны ұқтық.

«massagan.com» сайты

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394