Еліміздің оңтүстігі, оңтүстік-шығысынан басқа өңірлердің барлығында жауын-шашындатып, тұман түсіп, көктайғақтанып және жел күшейеді – Қазгидромет
Астана. 28 қараша. ҚазТАГ – Жескенбі күні Қазақстанның басым аумағына атмосфералық тұтас ағым ықпал етеді. Республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы жоғары атмосфералық қысым аумағында болады, деп «Қазгидромет» РМК хабарлайды.
Ведомствоның мәліметтерінше, Жамбыл, Маңғыстау, Ақтөбе, түнде Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерінде тұман түседі. Ақмола облысында – кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақтанып, 17-22 м/с жел соғады. Қостанай облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жел соғып, түнде және таңертең – тұман түсіп, күндіз – көктайғақтанады. Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде 15-22 м/с жел тұрады. Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түсіп, Жалаңашкөл аумағында оңтүстік-шығыстан 17-22 м/с жел тұрады. Шығыс қазақстан облысында кей жерлерде көктайғақтанып, 17-22 м/с жел тұрады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 15-22 м/с жел тұрып, күндіз бұрқасындатады.
Метеоболжам бойынша, Астанада ала бұлтты, таңертең және күндіз жауын-шашын болады. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел тұрып, күндіз екпіні 18 м/с болады. Ауа температурасы түнде -3-5°С, күндіз 0,+2°С.

Алматыда ала бұлтты, жауын-шашын болмайды. Түнде және таңертең тұман түседі. 0-5 м/с самал соғып, ауа температурасы түнде 0°С, күндіз +10+12°С шамасында.
Алматы облысында жексенбі күні жауын-шашынсыз +8+13; Жамбыл облысында да жауын-шашынсыз +10+15; Оңтүстік Қазақстан облысында аздаған жауын +12+17; Қызылорда облысында +10+15; Маңғыстау облысында аздаған жауын +9+14; Атырау облысында +7+12; Батыс Қазақстан облысында – жауын-шашын, +2+7; Ақтөбе облысында да жауын-шашын, +5+10; Қостанай, Қарағанды облысында жауын-шашын, 0+5, Павлодар облысында +3-2 градус.
Жақын күндері республиканың солтүстігі мен шығысындағы өзендерде мұз тоспалар пайда болуынан су деңгейі күрт көтерілуі мүмкін. Оның ішінде Павлодар маңындағы Ертіс өзенінде де. Республиканың батыс аумағындағы өзендерде су беті біртіндеп салқындай береді. Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығысындағы өзен-көлдерінің гидрологиялық режимінде айтарлықтай өзгеріс болады деп күтілмейді.