Жексенбі, 24 Қараша 2024
5821 33 пікір 13 Қыркүйек, 2017 сағат 11:02

Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАММЕД: Латын әліпбиіне көшу Елбасымыз ұсынған "Рухани жаңғырудың" берік іргетасы

"Нұр Отан" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед латын әліпбиіне көшудің мәні мен маңызы аса зор екенін айтты.

Демократиялық күштердің "Қазақстан-2050" жалпыұлттық коалициясының отырысында Мұхтар Құл-Мұхаммед: "Бұл әліпби ауыстыру емес, бар қазақтың бойына ана сүті, әке тәрбиесімен даритын қазақ тілін заманаға сай жаңғыртудың кешенді жүйесін, дұрыс сөйлеу мен жазу мәдениетін қалыптастыру. Ендеше латынға көшуді Елбасымыз ұсынған "Рухани жаңғырудың" берік іргетасы деп білемін", – деді.

Сонымен қатар, отырыста Коалиция мүшелері, белгілі тіл мамандары, филолог ғалымдар және тағы басқа сарапшылар мен қоғам қайраткерлері өз пікірлерін білдіріп, бұл бастаманың ұлттық біртұтастықтың нығаюына үлкен септігін тигізетінін айтты. Шара соңында Демократиялық күштердің "Қазақстан-2050" жалпыұлттық коалициясы барша қазақстандықтарды Елбасы бастамасын қолдауға шақырып, халыққа өз Үндеуін жариялады.

Abai.kz

33 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5563