Сенбі, 23 Қараша 2024
4071 0 пікір 15 Қыркүйек, 2017 сағат 08:22

Өзбекстанда азаматтардан тартып алынған пәтерлерді милиционерлерге таратты

Ташкентте шамамен 150 инспектордың ант беру шарасы өтті. ІІМ баспасөз қызметі шара кезінде құқық қорғау қызметкерлерінің өкілдеріне жеңіл несиемен пәтер кілтін табыстағанын хабарлады.

Белгілі болғандай, бұл пәтерлер кезінде әртүрлі себептермен азаматтардан тартып алынған екен. Бұл жөнінде тәуелсіз журналист Алексей Волосевич хабарлады. "Өзбек құқық қорғау органдары президенттің милиционерлерді пәтермен қамтамасыз ету керек деген тапсырмасын орындады десе де болады. Олар сондағы 137 "притонды" ұстап, олардың пәтерлерін тәркілеген", – деді журналист Алексей Волосевич.

Өзбекстанның ІІМ үшін шаруа тауарларын жеткізетін фирма өкілі бұл мекемеде шын мәнінде пәтерлер сатып алатын қаражат жоқ екенін айтады.

"Жоғары басшылықпен келісіп, азаматтардың тәркіленген пәтерлері мен көліктерін милиция қызметкерлеріне беру жөнінде уағдаласқан. 10 қыркүйекте ІІМ 150 қызметкері пәтер кілтін алды. Осы жылдың аяғына дейін жалпы 500 қызметкерге пәтер беруі тиіс", - деді фирма өкілі.

Өзбекстан президенті жыл басында жергілікті инспекторларды қызмет пәтерімен қамтамасыз ету керек деген мәселе көтерген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5525