Қыздар, абайлаңдаршы...
16-17-ге толар толмас ғашықтар соңында келе жатқан велосипедті байқамады. Қызды жанай өткен қос дөңгелек анадай жерге барып гүрс етті.
- Көзіңе қарамайсын ба, оңбаған?! - деп баж ете қалды қыз.
- Кім оңбаған, е? - деді велосипедін тастай салған жігіт те көзі шатынап.
Тілі мен жағына сүйенген қыз өз жігітіне алара қарап қойып: "Ал, қорға мені" дегені. Қыздың жігіті де "сен үшін бәріне дайынмын" дегендей әлгі велосипедшіге қарсы жүрді.
Қыз қорғаушысы барда басынан сөз асырғысы келмей бәдіктікке салынып дамылсыз сөйлеп жатты. Велосипедші кімді болсын аямайтын пейілмен тұтығып тұр.
Қыздың жігіті өзінен екеу келетін велосипедшіге жақын келе сала мойнынан қапсыра құшақтай кетті де: "Брат, қатынмен қатын болмашы. Куады ол", - деп сыбырлады да өте шықты. Велосипедші жігіт жұлқынып келіп, жұпыны сөз айтып кеткен жігіттің соңынан түк түсінбей аңтарыла қарап тұрып қалды.
Қыз болса велосипедшіні жігітім "өшіріп" тастады деген оймен кеудесіне нан пісті ...
Қыздар, абайландаршы...
Құралай Сейсенбекқызы
Facebook-тегі парақшасынан