Сәрсенбі, 16 Сәуір 2025
3826 0 пікір 18 Қыркүйек, 2017 сағат 09:16

Астанадағы құрылыс басында екі өзбекстандық қаза болды

Астанада жаңадан салынып жатқан құрылыс нысанында Өзбекстанның екі азаматы қаза болды, деп хабарлады жергілікті баспасөз.

Қала әкімдігі таратқан ресми мәліметке қарағанда, 17 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 11:56 кезінде "Сарыарқа" ауданында Алаш 25 мекен-жайы бойынша орналасқан құрылыс жұмыстары жүріп жатқан нысанның төбесі мен қабырғасының бір бөлігі құлаған. Алдын ала мәліметтер бойынша оқиға салдарынан 2 адам қаза болып, біреуі ауруханаға жеткізілген. Үшеуі де Өзбекстан азаматтары деп хабарлады қала әкімдігі.

Төтенше оқиға болған нысанға тапсырыс беруші, нысанның бас мердігері, авторлық қадағалау өкілі және құрылыс учаскесінің бастығы Астананың ішкі істер департаментіне жеткізілген.

Тергеу жүріп жатыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1950
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4770
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3932