Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5984 7 пікір 19 Қыркүйек, 2017 сағат 09:53

Билік салафиттермен түсінік жұмыстары жүріп жатқанын айтады

Қазақстанда жыл ішінде деструктивті ағымдар ықпалында болып келген 300-ге жуық адам "нанымынан бас тартқан". Бұл туралы бүгін парламенттегі үкімет сағаты кезінде Азаттық тілшісіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз айтты. Оның сөзінше, бұл жақсы көрсеткіш, бірақ қазіргі кезде "өздерін тәкпіршілер, радикалдар санайтын, олар да осы салафизм ағымынан тарайтын" мыңнан астам адам бар.

Мәжілісте өткен үкімет сағатында Қазақстанның дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев діни экстремизмнің алдын алу жүйесінде мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар мен діни бірлестіктер ынтымақтастығына негізделген жаңаша тәсілдеме енгізілгені туралы мәлімдеді. Оның сөзінше, парламенттің төменгі палатасының Ақтөбедегікөшпелі отырысында "үкімет жалған салафиттік құбылысты қабылдамайтыны туралы ұстанымын алғаш рет жария еткен".

– Өзге елдерде қалыпты саналуы мүмкін бұл ағымның деструктивті сипаты туралы қоғамымыз айқын да анық бағдар алды. Қоғамда ондай шаралар жайлы белсенді талқылаулар болса да, біз саналы түрде тыйым салу жолын емес, белгілі бір себептермен түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізуді таңдадық, ол нәтижесін береді, - дейді Нұрлан Ермекбаев.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434