Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4291 0 пікір 21 Қыркүйек, 2017 сағат 08:16

Қазақстанның «Doing Business» рейтингінде өсуі заңнамалық деңгейде шешілмек

«Атамекенде» Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуді жетілдіру туралы заң жобасы таныстырылды, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

20 қыркүйек күні «Атамекен» ҚР ҰКП алаңында Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуді жетілдіру туралы заң жобасының таныстырылымы жасалды.

Шараға «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин, Қазақстан кәсіпкерлері форумы атқарушы директорының орынбасары Гүлнар Қуанғанова, жобаны әзірлеу бойынша сараптамалық топтың өкілі Гүлнар Кұрбанбаева, сонымен қатар кәсіпкерлік субъектілері мен салалалық қауымдастықтар қатысты.

«Жылдан жылға бизнесті қайта реттеу бойынша мемлекет жүйелі жұмыс атқарып келеді. Мәселен, кәсіпкерлік субъектілеріне жоспардан тыс тексерулер азайтылды. Ұлттық экономика министрлігіне алғысымыз шексіз, бірлесіп, тиімді жұмыс атқарып келеміз», – деді ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов.

Спикер ары қарай Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуді жетілдіру туралы заң жобасының артықшылығын, өзгерту енгізілген негізгі бес бағытты атап өтті.

«Аталған заң жобасы бизнес үшін жаппай шығындарды азайту және заңнамада бәсекелестікті қиындататын нормативтерді жоюды, 2020 жылға дейін Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуді жетілдіру Тұжырымдамасын жүзеге асыру және бизнесті қайта реттеу бойынша шаралар қолдануды көздеп отыр. Сондай-ақ, бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау және өңірлер рейтингін жүргізу және Қазақстанның Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде позицияларын жақсартуға бағытталған өзгертулер енгізуді қарастырады», – деді ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов.

Спикердің айтуынша жоғарыда аталған бағыттарды жүзеге асыру арқылы кәсіпкерлік қызметті реттеудің барлық аспектілерін қамтуға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин заң жобасының ауқымы мен құрылымының бизнеске қарай бейімделгенін тілге тиек етті.

«Бұл заң жобасын Атамекен жазып шықты. Мазмұнындағы бизнеске қатысты өзгертулер Елбасының биыл Қазақстан халқына жасаған Жолдауына сәйкес негізделді. Жаппай тексерулер, ақпараттық құралдар, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды реформалар, квазимемлекеттік және табиғи монополиялар беретін рұқсат қағаздардың санын азайту сынды бағыттар ескерілді. Ұлттық палата мен Ұлттық экономика министрлігі қыруар жұмысты атқарды. Заң тұжырымдамасы мемлекеттік органдар қарауына жіберілді. Жалпы заң жобасын әзірлеуде 26 сарапшы жұмыс істеді», – деді Серік Жұманғарин.

Ал заңнаманың құрылымы жайында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаменті директорының орынбасары Асланбек Жақыпов жан-жақты таныстырылым жасады.

Атап айтқанда, заң жобасы ақпаратттық құралдар реформасын аяқтау, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды реформалау, рұқсат беру заңнамасына нүктелік өзгертуді енгізу, өзін-өзі басқару мен Реттеушілік әсерді талдау институты дамуына жол ашатын нормаларды жетілдіру, бизнестің жаппай шығындарын азайту, оның ішінде бәсекелестікке кедергі келтіретін нормаларды анықтауға бағытталған.

Шара барысында сұрақ-жауап бөлімінде кәсіпкерлік қауымдастықтар мен кәсіпкерлер спикерлерге сауалдарын қойып ұсыныстарын ортаға салды. Жобаны әзірлеу бойынша сараптамалық топтың өкілі Гүлнар Құрбанбаеваның айтуынша заң жобасы мемлекеттік органдар қарауында, бүгін айтылған ұсыныстар ескеріледі.

Abai.kz

 

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5402