Бес айдан бері жалақы алмапты
Талғар қаласындағы зағип жандар жұмыс істейтін жауапкершілігі шектеулі серіктестік жарты жылдан бері қарамағындағы 115 мүгедекке жалақы төлемей келіпті.
Зағип жандардың алды осы кәсіпорында 30 жылдан астам жұмыс істеген. Осыншалықты еңбек өтіліне қарамастан, айлықтары мардымсыз.
Орындаған жоспарына қарай олар 12 мың мен 30 мың теңге аралығында айлық алған. Кір қыстырғыш, түйме мен малдың құлағына тағатын тапсырыс болмағандықтан, қыс айларында жұмыстарын уақытша тоқтата тұрған. Жұмыссыз отырған уақытты есептемегенде, кәсіпорын 5 айдан астам уақыт бойы жалақы төлемепті. Тек соңғы айда ақшаны жырымдап, беріле бастаған.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жұмысшысы Жанар Мұқашева кей кездері айлық жалақыларының 10 пайызы ғана төленіп келгенін айтады. Бұл айлық жалақыларының көлемімен есептегенде, ай сайын 1,5-3 мың теңгеден беріліп келді деген сөз. Кәсіпорынның жұмысшылар алдындағы жалпы қарызы – 3 млн теңге. Сырт көзбен қарағанда, шенеуніктің бір айлық жалақысы. Зағип жұмысшылар екі-үш күн бұрын ғана тағайындалған жаңа басшы Нұрлан Жандаровты «айлық мәселесін әзір шешіп бере алмаймын» дегені үшін екі күннен бері ғимарат ішіне кіргізбей қойған. Жаңадан тағайындалған басшы болса жарты жылдан бері айлық алмаған жұмысшылардың жалақысының қашан төленетінін айта алмай отыр.

Біз өз тарапымыздан Нұрлан Жандаров мырзаның Оңтүстік Қазақстан облысындағы зағиптар қоғамының басшылығында болған кезде қол астындағы ұжымның жұмысын сәтті үйлестіріп, басшылықта болған 4 жыл ішінде жергілікті филиалды бүкіл қарызын жапқанын анықтадық.
Талғар қаласындағы зағиптар қоғамының мүшелері жұмыс істейтін цех түйме, малдың құлағына салынатын сырға, кір қыстырғыштар жасаумен айналысады. Жоғарыда аталған бұйымдардың бәрі осыдан 45 жыл бұрын орнатылған қондырғыда дайындалып келгенін қала әкімшілігі басшылары да жоққа шығармайды.
Мысалы, бір мүгедек күніне 120 теңге табу үшін 1100 кірқыстырғыш жасауы тиіс. Ал малдың құлағына тағатын 6 мың сырға дайындаса, оған 300 теңге төленеді. Зағип жанның жұмыс күні – 15 сағат. Қыста от жақпаған цехтағы температура – 10 градусқа дейін түсетін кездері де болған.
Қазір ұжым кәсіпорын басшысының сырттан келуіне қарсы болып, басшыларын өз араларынан тағайындауды талап етіп отыр.
Орын алған оқиғаға байланысты түс ауа Талғар қаласының әкімі Ахат Сұлтанқұлов бізге төмендегі жайттарды хабарлады:
– Қазір жұмысшылардың ортасынан келдім. Ұжымда тапсырыстың болмауына байланысты айлық жалақының кешіктіріліп келгені рас. Жұмысшылар мен жаңадан тағайындалған басшы келісімге келді. Айлық жалақы алдағы аптадан бастап төлене бастайды. Серіктестік ертеңнен бастап қалыпты жағдайда жұмысты жалғастыруға дайын отыр. Бұл мәселе алдағы уақытта да біздің назарымызда болады, – дейді қала әкімі.
Гүлбаршын САБАЕВА, «Айқын» газеті, 05.06.2009