Президент Ұлттық қордан 2011-2013 жылдарға арналған қаражат трансферті туралы заңға қол қойды
Астана.30 қараша. ҚазТАГ – ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қордан бюджетке 2011-2013 жылдарға арналған қаражат трансферті туралы заңға қол қойды. Сейсенбі күні Ақ орданың ресми сайтында осындай ақпарат жарияланды.
«Мемлекет басшысы Ұлттық қордан 2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджетке қаражат бөлуді қарастыратын «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2011-2013 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Заңға қол қойды», - делінген жарияланған ақпаратта.
Еске салсақ, ҚР парламент сенаты қарашада «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2011-2013 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» және «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2011 – 2013 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» заңдарды қабылдады.
Президенттің «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы» жарлығына сай республикалық бюджетке кепілденген трансферт көлемі $8 млрд көлеміндегі абсолюттік мәнде бекітілген.
Нарықтық $1=Т150 бағамына сай кепілденген трансферттің жыл сайынғы көлемі Т1,2 трлн мөлшерінде болады деп анықталған.

Бұрын хабарланғандай, 2011-2013-ші жылдарға есептелген жалпы сипаттағы трансферт көлемін есептегенде жергілікті бюджет бойынша қаржы министрлігінің келесідей көлемдегі есептеген кіріс болжамы пайдаланылған: 2011 – Т922 млрд, 2012 жылға – Т999,4 млрд және 2013 жылға – Т1трлн 79,1 млрд.