Астананың халықаралық әуежайы ЕҚЫҰ саммиті күндері қонақтар мен қатысушылардың 70-ке жуық әуе кемесін қабылдайды
Астана. 30 қараша. ҚазТАГ – «Астана халықаралық әуежайы» АҚ ЕҚЫҰ саммиті күндері 52 чартерлік және 17 жүйелі рейсті қабылдайды, деп мәлім етті әуежайдың атқарушы директоры Александр Бекмурзин.
«Әуежай саммиті күндері 52 чартерлік және 17 жүйелі рейсті қабылдайды», -деді А. Бекмурзин ҚазТАГ-қа сейсенбі күні телефон арқылы.
Ол сейсенбі, қарашаның 30-ы күні түстен кейінгі уақыттан бастап 1-ші желтоқсанның таңына дейін рейстердің арасында шағын интервалмен саммит қонақтары мен қатысушыларының әуе кемелерін қабылдайтынын қуаттады.
«Жүз пайызға дайынбыз», - деді А.Бекмурзин. Оның айтуынша, аймақтардан және әуе компанияларынан қосымша 187 маман тартылды. Техникалық мамандар 2-3 ауысыммен жұмыс істеп жатыр.
Бұрын хабарланғандай, әуежайды жабдықтау үшін жүк тартқыштар, жүк артқыштар, автотраптар, борт тағамдарын, жүктерді артатын автолифтілер, автотранспортерлар сияқты түрлі 100 техника сатып алынды.
Аэробустарға арнап 22 тұрақ салынды. Үкіметтік VIP-ғимарат жөндеуден өткізілді.

Бұл күндері Астанаға ЕҚЫҰ-ға мүше-мемлекеттерден және ұйымның әріптес елдерінен өкілетті делегациялар келіп жатыр. СІМ мәліметтеріне сәйкес, саммитке 28 елдің басшысы, 10 елдің үкімет жетекшілері, 7 вице-премьері қатысатындарын қуаттаған. 14 елдің атынан сыртқы істер министрлері қатысады. Саммитке 33 халықаралық және аймақтық ұйымның өкілдіктерінің басшылары да қатысады.