«М.Әуезов және ұлтымыздың рухани жаңғыруы» атты халықаралық ғылыми симпозиум өтеді
Биылғы жылы қазақ халқының ұлы жазушысы, ғалым, көрнекті қоғам қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 120 жыл толады. Бұл мәдени оқиға елімізде, қазақстанның барлық облыстарында және шет елдерде кеңінен атап өту шаралары ұйымдастырылады. Осы тақырыпта түрлі конференция, көрмелер, кездесулер өтеді.
2017 жылы, 28 кыркүйек күні Алматыда «М.Әуезов және ұлтымыздың рухани жаңғыруы» атты халықаралық үлкен ғылыми симпозиум өтеді. Симпозиумға АҚШ, Голландия, Ресей, Белорус, Өзбекстан, Қырғызстан, Ұлыбритания, Түркия сияқты елдердің белгілі әдебиет зерттеуші ғалымдары қатысады.
Салтанатты жиында М.Әуезов шығармашылығы мен оның ғылыми мұрасы жөнінде, оның еліміздің қазіргі дамуына тигізетін әсері жөнінде қазақстандық танымал, белгілі ғалымдар баяндама жасайды.
Симпозиум жұмысына мемлекет, қоғам қайраткерлері, парламент депутаттары, Қазақстан республикасының ғылым және мәдениет кайраткерлері қатысады.
Халықаралық ғылыми симпозиумды ұйымдастырушылар – ҚР білім және ғылым минстрлігі М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Алматы қаласының әкімшілігі, ҚР Ұлттық ғылым Академиясы, Мемлекеттік тарихи-мәдени, және әдеби-мемориалдық «Жидебай-Бөрілі» қорық-музейі.
М.Әуезовтің 120 жылдығына арналған «М.О.Әуезов және ұлтымыздың рухани жаңғыруы атты халықаралық симпозиум Ғылым ордасының Үлкен концерт залында өтеді. Басталуы 10.00-де.
Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28. 2-қабат.
Abai.kz