Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3313 0 пікір 5 Маусым, 2009 сағат 12:17

Жанар Елдосқызы. ШАПАЛАҚ

Ілкі заманнан бүгінге жеткен ырымдар аз емес. Олар тіл атты құдіретті қаруды меңгергенінен кейін де қалмаған сыңайлы. Кейде тіпті тілден де күшті болатынын күнделікті өмірде байқамай да қаламыз. Байқасақ та себебін саралап, парқына бармаймыз. Солардың бірі – шапалақ.
Бұл сөзді әркім әр қилы түсіндіреді. Әлдекімдердің көз алдына театр елестейді, енді біреулері концертте отырғандай сезінеді. Бірі бетін көлегейлейді, бірі әлденеден хабар күткендей аңтарылады. Ал баз біреулер шапалаққа тоймай шарқ ұрады.
Шап-шап-шапалақ. Шапалақ ақ¬сақты да алысқа шаптырады. Адам жаны қашаннан мадаққа құштар, қолдауға зәру, бірақ солардың арасында Аяз бидей шапанын төрге іліп қою әркімнің қолынан келе бермейді-ау.
Шапалақ семіртеді, аздыртады. Шапалақ кейде еліртеді, кейде жөнге салады.
Жігіт қызға құмар-ай,
Қыздар мойын бұрады-ай.
Көріп қалса шешесі,
Сарт еткізіп ұрады-ай!
Шапалақтың дәмін татқан бойжеткен жігіт көңілін қияды-ай! Ол ол ма? Шапалақ тіпті ауызды да тыя¬ды. Қайран Қожанасырлар заманы деп таңдай қағасың еріксіз! Кім біледі? Бүгін бізге қоғамның ұятын бетіне шығарар «Ш» дәрумені жетпей жүрген болар деп ойлайсың сонда. Бірақ қайдам? Жүзін жосып өткен шапалақты тым жақын тиген «аплодисментке» балайтындар да бар емес пе?

Ілкі заманнан бүгінге жеткен ырымдар аз емес. Олар тіл атты құдіретті қаруды меңгергенінен кейін де қалмаған сыңайлы. Кейде тіпті тілден де күшті болатынын күнделікті өмірде байқамай да қаламыз. Байқасақ та себебін саралап, парқына бармаймыз. Солардың бірі – шапалақ.
Бұл сөзді әркім әр қилы түсіндіреді. Әлдекімдердің көз алдына театр елестейді, енді біреулері концертте отырғандай сезінеді. Бірі бетін көлегейлейді, бірі әлденеден хабар күткендей аңтарылады. Ал баз біреулер шапалаққа тоймай шарқ ұрады.
Шап-шап-шапалақ. Шапалақ ақ¬сақты да алысқа шаптырады. Адам жаны қашаннан мадаққа құштар, қолдауға зәру, бірақ солардың арасында Аяз бидей шапанын төрге іліп қою әркімнің қолынан келе бермейді-ау.
Шапалақ семіртеді, аздыртады. Шапалақ кейде еліртеді, кейде жөнге салады.
Жігіт қызға құмар-ай,
Қыздар мойын бұрады-ай.
Көріп қалса шешесі,
Сарт еткізіп ұрады-ай!
Шапалақтың дәмін татқан бойжеткен жігіт көңілін қияды-ай! Ол ол ма? Шапалақ тіпті ауызды да тыя¬ды. Қайран Қожанасырлар заманы деп таңдай қағасың еріксіз! Кім біледі? Бүгін бізге қоғамның ұятын бетіне шығарар «Ш» дәрумені жетпей жүрген болар деп ойлайсың сонда. Бірақ қайдам? Жүзін жосып өткен шапалақты тым жақын тиген «аплодисментке» балайтындар да бар емес пе?
Шапалақ адастырады, шатас¬тырады, шағыстырады. Шапа¬лақ, шынтуайтына келгенде, кім¬нің кім екенін анықтайды. Кей¬де ол бір дәуірдің символына дейін көтеріледі. Мысалы, Ста¬лин, Бреж¬нев¬тердің жоғары мінбе¬ден жолданған жыр¬ларының «қа¬йыр¬масы» шапалақ әуенімен әр¬ленбесе, қалайша КСРО – КСРО бо¬лар еді! Ал, бәлкім, шапалақ дәл солай соғылмаса, КСРО өз орнында қалар ма еді? Қайран шапалақ, сенің қадіріңді партия жиналысын жіті қадағалаған «үш әріп» қайдан білсін? Сенің сазды үніңді жағымпаздар «оркестрінің» сауатсыз «дирижері» қайдан танысын? Жүзі ар шапалағының дәмін татып көрмеген жандардың қолы да шапалақтың шырайын қайдан келтірсін?
Кезінде КСРО-ға келген АҚШ басшысы Никсон Кеңес жұмыс¬шыларының шыдамына қайран қалыпты. Сонда мәртебелі қонаққа сабақ болсын деп Брежнев оны зауытқа алып барған деседі. Зауыт¬тағыларды шақырып алып, сөз бастайды: «Ертеңнен бастап, жалақыларың азайтылады! (Ду қол шапалақ). Жұмыс күні ұзартылады! (Ду қол шапалақ). Әрбір оныншы дарға асылады! Жұмысшылар жарысып қол соғып жатыр. Сөйтсе, арасынан бір жігіт шығып: «Жіпті өзіміз әкелейік пе, әлде кәсіподақ қамтамасыз ете ме?» деген екен. Мінеки, ол тіпті қоғамды билеп-төстеудің шырқау шегіне де жеткізеді.
Өкініштісі, кейде сол ащы дауыстан тарихтың құлағы тұнып қалғандай көрінеді. Күңгір-күңгір етіп, Уильям Шекспирдің де айтқа¬ны естіледі. Құрметті Шапалақ мырза, ол сізді «Юлий Цезарь» трагедиясында да жырға қосқанын білесіз бе? Тыңдаңыз. Патшаны тақтан тайдырған Брут Сенат алдына шығып, жоспарларымен танысты¬рады. Ұсыныстарын қолдаған жи¬нал¬ғандар ду қол шапалақ ұрады.

Көпшілік:
Ғұмыр, ғұмыр берсін Брутқа
1-азамат:
Сарайына жеткізейік ұлықтап
2-азамат:
Бабалардың арасынан оқ озық
Белгі керек!
Ерлікті кім ұмытпақ?
3-азамат:
Брут бізге Цезарь болсын,
Басымызға қонып бақ.
Енді мінберге Марк Антоний шығып сөз алады. Дәл сол Сенат іле-шала Брутқа қарсы келеді.
Көпшілік:
Тапжылмаңдар, алға,
кәне, халайық!
1-азамат:
Ақ боз үйін Бруттың
күлге орайық!
2-азамат:
Жауды өлтір, іс қылған
езге лайық!
Көпшілік:
Тыйылыңдар! Құлақ салып
Антонийдей арысқа!
2-азамат:
Қанға қан!
Цезарь кегін қайтарамыз
Тырысамыз намысқа (Ауд. Ж.Е.)
Шамасы, көпшілік жүрген жерде шапалақ та шабыттана түсетін секілді ғой.
Шапалақ адамның басын бәй¬геге де тігеді. Сол көппен көрген ұлы той ұғымы қанша жанның ақтық әні болды екен?
«Олар өздері жан-тәнімен жеꬬкөрінушілік тудырған дүние¬лерге де түрлі шектен шығулар мен қылмыстарға ғана емес, тіпті кінәсіз жанның өліміне де себепкер болуы мүмкін. Солшылдар оң¬шылдармен бірігіп, бірауыздан қол шапалақтап, көшбасшысы, аса көрнекті ұйымдастырушысы, ре¬волюция көсемі Дантонды да дар¬ға астырды. Шапалаққа елірген оңшылдар солшылдармен біріге отырып, революциялық үкіметтің іске алғысыз ұсыныстарына жолдама берді. Жазықтық пен биіктік, аз бен көп ақыры өздерінің өліміне ортақтаса ықпал етуге келісіп тынды», – деп жазады Конвент отырысын сипаттаған француз тарихшысы, жазушы, философ Ипполит Тэн (1828-1893). Абайдың көпке ренжігені де содан болар?
Шапалақ таңдай қақтырады, тіпті тастан сарай соқтырады. Оған дәлел – 1420 жылы салынған Қытайдың Тянтан сарайы. «Тәңір ұлы» қытай патшасының Аспан, Жер-Суға арнап салған сарайынан өзіне де орын табылған.
Патша күмбезінің кіре беріс баспалдағының астында үш тақтатас – “Айғай тас” – бар. Ондағы бірінші тақтатастан бір рет қол шапалақтасаңыз, бір рет қана шапалақ дауысы естіледі. Ал екінші тақтатастан бір рет қол шапалақтасаңыз, екі рет қайталанады, үшінші тақта тастан бір рет шапалақтасаңыз, онда үш рет шапалақ дауысы естіледі. Бәлкім, билеуші өзіне арналған мадақтың екі-үш есе артық болуын қалаған шығар. Ал үшінші баспалдақта қол соғуды армандағандардың саны қанша болды екен?
Шапалақ ойнатады, ойлантады. Балаларын бастауыш сыныптан шапалақ соғуға үйрететін елдер бар. Мысалы, «Браво!» ойыны. Бір баланы үстел үстіне шығарып, қалғандары оны қоршай орналасып, шапалақ ұрады. Ортадағы қаһарман ауысып отырады. Со¬ңында оларға «Шапалақ соққан ұнады ма?», «Мақтауға лайық болмаған кездерің болды ма?», «Өзгелерге деген таңданысыңды қалай байқатасың?» дегендей са¬уалдар қойылады.
Шапалақ аш қарынды тоқ қы¬лады, шабыт шақырады. Құз-шыңдарды бағындырады. Онсыз сахнаға шыға алмайтындар бар.
Біле білсеңіз, сізді бес күндік фәниге алғаш қарсы алатын да сол. Жұдырықтай ғана құйрығына тиген ащы шапалақтан сәби шыр етеді. Дүниеге тұңғыш үн қатады. Анасы көгерген жұмсақ жерінен сүйеді-ау келіп құшырлана. Сосын... Сосын жатырға сыйған періште пендеге айналғанда кең дүниені тар көреді. Өмірдің өзі оған талай рет шапалақтың ащы уытын татқызады. Иә, бәрін шапалақ қарсы алады, бірақ олардың арасында халық «аплодисментімен» өмірден өтетіндер аз ғой.
Шапалақтың мейірім төгетін кезі де бар. Қазақта «Көтенқағар» деген аңыз қалған. Бір әйелдің екі баласы болады: бірі – туған баласы, бірі – асыранды. Екеуін бөліп-жармай мәпелеп, бетінен қақ¬пай, бағып-қағады. Бірақ асыранды баласы әлжуаздау, арықтау, әлсіздеу болып өседі. Түсінбей дал болған ана ақыл сұрап қарияға барады. Мән-жайға қаныққан қарт: «Шырағым-ау, туған баланың аты туған ғой. «Енесі тепкен құлынның еті ауырмайды». Туған балаңды арасында құйрығынан да салып жібересің, сол мейірім ғой жан семіртетін. Екінші балаңның шамасы «көтенқағары» жетпеген бо¬лар», – депті. Сезіндіңіз бе? Шапалақ¬та да тәтті дәм болады екен. Шешеңіз¬дің «көтенқағарын» сағынған боларсыз.
Шапалақ еске салады, ес¬кертеді. Бірде Әбу Бәкір (р.а.) жамағатқа имамдық қылып тұрғанда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) келіп қалады. Адамдар саптан орын берісіп, Әбу Бәкірге ескерту үшін шапалақ ұрады. Байқамаған соң жамағат қаттырақ белгі береді. Сонда ғана ол Пайғамбарымыз¬дың (с.ғ.с.) келгенін көреді. Пайғам¬барымыз (с.ғ.с.): «Орныңда тұра бер!» – деп ишара қылады. Әбу Бәкір (р.а.) Аллаға мақтау айтып, екі қолын жоғары көтереді де, артқа қарай шегініп, бірінші сапқа тұрады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) орнына өтіп, жамағатқа имамдық қылады. Намаз оқылып болған соң Әбу Бәкірге бұрылып: «Бұйырғанымнан кейін неге ор¬ныңда тұра бермедің?» – дейді. «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) алдында намаз оқуға Әбу Бәкірдің хақысы жоқ!» – деп жауап береді ол. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Сендерге не болды, көп шапалақ ұрдыңдар. Кімде-кім намазда бірер нәрсені көрсе, таспих (Субханалла) деп айтсын, таспих айтса оған қарайды. Ал шапалақ ұру, ол – әйелдердің ісі», – деген екен. Осындайда мұсылман баласының екі алақанды айқастырмайтыны әдет пен әдеп қана емес екен-ау дейсің. Қазақтың да қуанса, қолын емес, санын шапалақтайтыны бар емес пе?
Өмірде әр нәрсенің мекені, мезгілі болады. Тағдыр-тостаған алдыңыздан не тосатынын кім білген? Әсте шектен шығып кет¬пейік. Себебі шапалақтың шайтанды да шақыруға шамасы жетеді-міс. Шошыдыңыз ба?

 

 

«Ана тілі» газеті, 04.06.2009

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1486
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5517