Жұма, 22 Қараша 2024
Деп жатыр 6630 5 пікір 2 Қазан, 2017 сағат 08:22

Көші-қон полициясы 250 қандасқа жалған ықтиярхат бермегенін мәлімдеді

Жамбыл облысында түпнұсқа құжаты жоқ 250 шетел азаматының Қазақстаннан шығарылуы жайындағы мәселе қарастырылып жатыр.

Жуырда 2015 жылы Қытайдан көшіп келген қандастарымыздың жалған ыхтиярхатпен жүргендерін анықтаған болатынбыз. Заңға сәйкес, олар елден депортацияланулары керек. Бірақ, олар Қытайға қайтқан жағдайда, сол елдің заңына сәйкес өздерінің сотталатындарын айтып жатыр. Ал Жамбыл көші-қон полициясы оларға ешқандай да жалған құжат бермегендерін мәлімдеген.

“2015 жылы ҚХР азаматтары Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға ықтиярхат беру туралы өтініш жазған. Өтініштер 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №992 бұйрықтың талаптарына сәйкес қабылданған, тіркелген және қаралған. Қажетті материалдардың барлығы жиналған. Бірақ ұлттық қауіпсіздік органдарының тексеруінен кейін тұрақты тұруға тіркеу және рұқсат беруге негіз ретінде ұсынылған құжаттар жалған екені анықталған. Яғни, шетел азаматтарына жалған құжаттың берілуіне біздің қызметкерлердің ешқандай қатысы жоқ», – деп мәлімдеді облыстық ІІД көші-қон полициясы басқармасындағылар.

Егер азаматтар Қазақстаннан өз еріктерімен шығудан бас тартса, олар мәжбүрлі түрде шығарылады. “Қазіргі кезде 250 шетел азаматын Қазақстан Республикасының аумағынан шығару жөніндегі мәселе қаралуда”, – дейді облыстық ІІД КПБ-дағылар.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320