Қырғыз-өзбек шекарасында "Мәдениет" өткізу бекеті ашылады
Қырғызстанның Жалал-Абад облысындағы қырғыз-өзбек шекарасында "Мәдениет" бақылау-өткізу бекеті қайта ашылады.
Азаттықтың жергілікті тілшісінің хабарлауынша, екі жақтан 300-дей адам шекараның ашылуын күтіп тұр. Ашылу салтанатына Қырғызстан және Өзбекстанның жергілікті билік өкілдері қатысады.
Аталған бақылау-өткізу бекеті 2004 жылы ашылған. Бірақ 2016 жылы өзбек тарапы шекараны біржақты жауып тастаған.
Биыл қыркүйек айында Жалал-Абад облысы Ала-Бөкен ауданындағы «Баймак-автожолы» мен Ош облысындағы «Достық» бақылау-өткізу бекеттері жеңілдетілген тәртіпке көшкен болатын.
Abai.kz