Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5974 4 пікір 2 Қазан, 2017 сағат 09:29

91 тобымен күрескендей уахабистермен күресейік

Жалпы шоу-бизнестің айналасында гейлер, яғни (қатты айтқанда) пи*араздар толып жүргенін көп жігіттерден естимін. Бірақ өз басым ондайларға қызықпайтын болғандықтан іздеріне шам түсіп, зерттеп көрмедім. Бұдан кейін де лайым солай болсын. Дәл сол сияқты сектанттар да толып жүр, оны зерттеп көрдім, дәлелдер жетеді, сондықтан кімдер екенін шамамен 80-90% болжап айтып бере аламын. Біздің қоғам осы екі топ өкілдерін сыртынан кімдер екенін біледі, бірақ екеуінің де бетіне айта алмайды. Айтқанның өзінде оларға тосқауыл қоятын екінің бірінде құқық жоқ, бұл екі топпен арнайы ұйымдар айналысу керек.

Жақында Ninety One деген топ шықты да, өте сапалы ән айтып, Қазақ эстрадасын жаңа бір деңгейге көтерді. Біздің тойшыл қауымның сүйіп тыңдайтын Қайрат Нұртас, Төреғали Төреәлі, Чип-чип магдалена сияқты әншілерінен басқаша жанрда сапалы өлең ұсынды. Бұл жігіттердің ерекшелігі біздің жастардың көп еліктейтін өзіміздің азиаттардың, яғни кәрістердің K-Pop жанрын қазақшаға интерпретациялап, Q-Pop (Qazaq Pop) деген жаңа дүние шығарды. Осының арқасында қазақ тілі әлемдік деңгейге шықты. Бүкіл әлемде осы Ninety One-ды қолдайтын Eagles ("Қырандар") атты фанаттар пайда бола бастады. Қаншама әншілеріміз әлемдік деңгейге шығара алмаған қазақ тілін 4-5 жігіт Q-Pop атты жаңа жанрмен көтеріп тастады. Ютубта көптеген шет елдіктер Ninety One-ның әндерін айтып, Қазақстанға сәлем жолдаған. Осындай сапалы өнім шығарған Ерболат Беделхан бауырымызға ризашылығымды білдіремін.

Өз басым кейінгі кезде Ғалымжан Молданазар мен Ninety One-ның ғана әндерін тыңдаймын. Әндерін тыңдағанда әншілердің үсті-басына, қандай киім киіп, қандай әрекет жасағанына қарамаймын. Себебі маған дым қызық емес олардың қалай өздерін көрсететіні. Маған тек олардың әндері ғана қызық. Бұрын да айттым, тағы да айтамын, профессионал мен оның продуктісіне көзқарас екі түрлі болу керек. Мысалы, Apple-дың директоры Тим Кук гей екен деп, Iphone ұстамай қою немесе Ив Сон Лорен пи*араз екен деп оның өнімдерін пайдаланбай қою - топастық. Әлемдегі кез келген адамның жеке басына табынғанды қойып, шығарып жатқан өнімдеріне обьективті қарауды үйренуіміз керек.

91 тобының жігіттерінің іс-қимылдары мен киінгенінен ешқандай бір қоғамға қайшы бірдеңе көріп тұрғаным жоқ. Қазіргі аға буын өкілдері де 70-80 жылдары шаштарын бояп, өсіріп жүргенін үйдегі альбомдардан көргенбіз. Жалпы өмірімде гейді тірілей көрмеген соң, олардың қандай болатынын білмеймін, білгім де келмейді. Егер 91 жігіттері шынымен гей болса, оларды жарнамалай бергеннен, яғни жамандай бергеннен бірдеңе шықпайды, керісінше олардың қоғамда көбеюіне алып келеді. Тағы бір айтатыным, өзіміздің жастар кәрістің осындай жігіттеріне емес, өзіміздің қазақтарға фанат болғанына қуанамын. Бұл жігіттер ешкімнен ұрламай, тойға шықпай сапалы ән айтып жүргеніне ризамын. Ал олардың іздеріне шам ұстап жүріп, гей екеніне көз жеткізсеңіздер, оларды қудалаудың сауаттырақ жолын ойластыру керек. Әйтпесе, қазіргі кезде заңға қайшы, бүкіл ұлтты құртып жіберетіндей бірдеңе істеп жатқанына күмәнім бар.

Дәл осы 91 тобымен күрескендей уахабистермен күресейік. Соларды қуайық эстрада әлемінен, қазаққа қауіп көбірек солардан. Қыздарға айтарым, әншілердің әндерін тыңдаңдар, бірақ өздеріне қызығудың қажеті жоқ. Ән басқа, әнші басқа, екеуі екі әлем. Ал жігіттерге айтарым, олардың тәндерінде нелерің бар, еркектің еркекке қызығуы жақсылыққа алып келмейді. Олай азғындалмаңдар! 91 тобы деген жұрттың назарын аудару үшін жасалған болуы да мүмкін, бұдан да ірі мемлекеттік мәселелерді назардан тыс қалдырмайық! Жалпы кез келген дүниеге тобырлық психологиямен емес, таза логикамен және "трезвый" ақылмен қарайық!

Нұрлан Жанай

Facebook-тегі парақшасынан

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371