Сенбі, 23 Қараша 2024
Білгенге маржан 5727 1 пікір 3 Қазан, 2017 сағат 14:57

Ілеспе аударма: Камал Әлпейісованың әдістемесі өтеді

 

 

Ілеспе аудармашылар Қазақстанда қажетті мамандықтың бір түрі болып табылады. Ұлтаралық келісім мәселесін әркез есте ұстайтын қазақстандықтар ұлық жиындар мен үлкенді кішілі шаралар барысында осы ілеспе аудармашылардың қызметіне жүгінеді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің мемлекеттік тапсырмасы бойынша  Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында мемлекеттік тілдің қолданыс деңгейін кеңейту, ілеспе аудармашылардың біліктілігін арттыру мақсатында қазақша-орысша, орысша-қазақша ілеспе аударма жүргізуді үйретудің шеберлік кластарын өткізеді.

Аталған шеберлік кластары мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында қазақшадан орысшаға және орысшадан қазақшаға ілеспе аударма жасайтын аудармашылардың біліктілігін арттыруды көздейді.

Шеберлік кластарында аударма теориясы, жазбаша аударма мен ауызша аударманың ерекшеліктері, ілеспе аудармашыға қажетті базалық грамматикалық және фразеологиялық модельдер, сөздік қорды байыту жұмыстары бойынша дәрістер оқылады. Сонымен қатар, аудармашы мамандарға аударма теориясы мен практикасы, аударматанудың өзекті мәселелері шеңберінде оқу-әдістемелік көмек көрсетіліп, аударма саласындағы ғалым  мамандар озық тәжірибесімен бөліседі.

Шеберлік класын белгілі аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты Камал Әлпейісова (суретте) жүргізеді. Шеберлік сабақтарына ғалым аудармашылар, сала мамандары, министрліктер мен әкімдіктердің, облыстық, қалалық  тілдерді дамыту басқармаларының, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің аудармашылары қатысады.

Қатысушыларға біліктілік сертификаттары табысталады.

Шеберлік кластары Астана  қаласында 16-20 қазан аралығында Тұран-18, Бизнес орталығында болады. Басталуы сағат 09:00

Abai.kz      

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371