Сенбі, 23 Қараша 2024
Ақмылтық 3817 1 пікір 4 Қазан, 2017 сағат 14:02

Астанада Астана медиа апталығы өтіп жатыр

 

Елiмiзде тұңғыш рет Астана медиа апталығы өтіп жатыр. Апталыққа бүгін 100-ге жуық продакшн студия қатысуда. "Бізде осынша продакшн компаниялардың бар екендігіне таңқалып тұрмын", - деді   ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрi Дәурен Абаев тілшілерге берген шағын сұхбатында.

«Біздің телеарналар продакшн компаниялардың контенттерін зерделеу жұмыстарына белсене қатысқанын қалаймын. Қазіргі уақытта продакшн компаниялардың телеарналар басшылығына шығуы қиын екендігін білемін.   Ал бұл шара телеарналармен және студиялармен тікелей сұхбаттасу мүмкіндігі. Бүгін продакшн студиялар өз өнімдерін бізге тікелей таныстыра алады», – деп министр апталықтың жай-жапарына тоқтала кетті.

Сонымен қатар, Дәурен Абаев БАҚ өкілдерінің отандық продакшн студиялардың өзге елдермен салыстырғанда қаншалықты дамығандығына қатысты сауалға жауап берді.

«Менің ойымша, ресейлік брендтермен салыстыру дұрыс емес. Нарық мүлдем басқа. Бүгінгі шараға 93 продакшн студияның қатысып жатқанына таңғалдық. Бізде мұншалықты көп студияның бар екендігін де білмедік. Сондықтан да бұл шара аталған саланың дамуына тың серпін берері сөзсіз», – дейдi Абаев.

Министрдің айтуынша, Қазмедиа орталығы дамудың алғашқы кезеңінен табысты өтіп, бүгінде барлық студиясы жұмыс істеп тұр.

«Енді бұл жұмыстарға көршілеріміз, серіктестеріміз белсене қатысқанын қалаймыз. Бізге шетелдiк серіктестеріміз келіп, осынау алаңды, студияларды фильмдер түсіруге пайдаланғаны жөн болар еді. Бұл өзара іс-қимылға жақсы болады. Әрине, оның барлығы ақылы негізде жүргізіледі. Біз Қазмедиа орталығын одан ары дамытуға мүмкіндік береміз», – деп түйiндедi Дәурен Абаев.

Бір айта кетерлігі, продакшн студиялардың өнімдері орыс тілінде көрінеді. Ұлттық арнаға өз өнімдерін ұсынып жүрген студия жеткешілеріде мысалы,  таныстыру сөздерін орыс тілінде айтып жатқанын құлағымыз шалды. Айтпақшы, министр Дәурен Абаев ертең мемлекеттік тілде ақпарат тарататын сайт басшыларымен кездеседі деп күтілуде.

Әдина Жаужүрек

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5370