Сенбі, 23 Қараша 2024
4409 0 пікір 5 Қазан, 2017 сағат 09:12

Өзбек журналисі Солиджон Абдурахманов ұзақ жылдардан кейін түрмеден шықты

4 қазанда Өзбекстан билігі түрмеде 9 жылдан артық отырған тәуелсіз журналист Солиджон Абдурахмановты бостандыққа шығарды. Оны түрме есігі алдында әріптестері мен құқық қорғаушы Абдурахман Ташанов күтіп алды.

67 жастағы Солиджон Абдурахманов 2008 жылы есірткі пайдаланды деген айыппен он жылға бас бостандығынан айырылған. Ол сол кездері санаулы тәуелсіз журналистердің бірі болған.

Uznews.net интернет басылымының бас редакторы, кезінде ұзақ жылдар Солиджон Абдурахмановпен бірге жұмыс істеген Галима Бұхарбаева саяси тұтқындардың біртіндеп босатылып жатқанын, биліктің өзгеруімен түсіндіреді.

2008 жылдың жазында Абдурахмановты көлігінен есірткі табылды деп қамауға алған. Бірақ медициналық сараптама оның наша қолданбайтынын дәлелдеген.

Түрмеде отырған ұзақ жылдарда журналист өзіне тағылған айыптарды мойындамай келді. Ол көлігіне есірткіні құқық қорғау органдарының қызметкерлері әдейі тастады деген сенімде.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371