ТМД елдері басшыларының келесі саммиті Душанбеде өтеді
Қауіпсіздік пен тұрақсыздықты қамтамасыз ету мәселелері Тәжікстан төрағалығы кезінде күн тәртібінен түспейді, деп мәлімдеді Эмомали Рахмон Сочи қаласында ТМД елдері басшыларының жиналысында.
ТМД елдері өзара тиімді ірі жобаларды жүзеге асыра алады, деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин Сочиде ТМД елдері саммитінің ашылу салтанатында.
Оның айтуынша, саммитте экономика мен сауда-экономикалық байланыстардың тереңдеуіне ерекше көңіл бөлінеді.
Бұның алдында Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков 19 құжат қол қоюға дайын екендігін хабарлаған. Солардың ішінде 2018 жылы ұйымға төрағалық ету тізгінін Ресейден Тәжікстанға тапсыру шешімі де бар.
"Келесі кездесу 2018 жылы қазанның бірінші жартысында Душанбеде өтеді", - деді Эмомали Рахмон.
Еске салайық, сейсенбі күні Владимир Путин Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен жеке кездесу өткізген.
Abai.kz