Бердымұхамедов Путинге Верный атты алабай сыйлады
Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедов Сочиге сапары кезінде ресейлік әріптесі Владимир Путиннің өтіп кеткен туған күніне Верный атты алабай күшігін сыйға тартты.
Кремль баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ресей президенті Владимир Путиннің 65 жасқа толған туған күнімен құттықтаған Бердымұхамедов алабай күшігін өзімен бірге Түркіменстаннан алып келген.
"Рұқсат болса, жақсы дәстүрден бастасам деп отырмын. Жақында сіз періште күнін атап өттіңіз, сол себепті сізді шын жүректен құттықтаймын", - деді Түркіменстан президенті.
"Сіз өз еліңізде ғана емес, әлемдегі экология мәселесін шешу үшін көп еңбек етіп келесіз. Біздің алабай досымыз бар. Мен оны өзіммен бірге алып келдім. Оның есімі - Верный", - деді түркімен басшысы.
Бердымұхамедов Сочиге ТМД елдері саммитіне қатысу үшін барды.
Abai.kz