Сенбі, 23 Қараша 2024
4096 0 пікір 12 Қазан, 2017 сағат 09:47

Текебаев пен Чотонов колонияның жалпы камерасына көшірілді

Парламент депутаты Өмірбек Текебаев пен бұрынғы елші Дуйшенкул Чотонов тергеу абақтысының 8 адамдық камерасына ауыстырылған. Бұл туралы Азаптаудың алдын алу ұлттық орталығының директоры Нурдин Сулайманов хабарлады.

Оның айтуынша, 11 қазанда орталық қызметкерлері Текебаев пен Чотоновпен жолыққан. Олар ешқандай шағым айтпаған.

"Текебаевтың айтуынша, оларды жағдайы тәуір камераға ауыстырған. Олармен бірге отырған алты адам да бұрын сотталмаған. Олардың барлығы мемлекеттік қызметте істеген", - деді Сулайманов.

Колония №47 колония Бішкекте орналасқан. Мекемеде емделіп жатқан жазасын өтеушілер отыр..

Омурбек Текебаев пен Дуйшенкул Чотонов "Мегаком" компаниясына қатысты істе 1 млн доллар пара алды деген айыппен сотталды. Олардың әрқайсысына сегіз жыл берді.

Саясаткерлер тағылған айыптарды жоққа шығарып отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475