Жұма, 22 Қараша 2024
Әлеумет 6124 0 пікір 12 Қыркүйек, 2017 сағат 14:18

"Біз - Қазақстан халқымыз"! Ассамблея өкілдері ағынан жарылды

2013 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарғысы бойынша жаңа мереке – Отбасы күні пайда болды. Оның мақсаты отбасы құндылықтарын және отбасының жағымды жақтарын насихаттауға көңіл аударту болып табылады. Қоғамның рухани және мәдени болашағы отбасылардың игілігіне тікелей тәуелді, себебі отбасында рухани және мәдени құндылықтар қалыптасады, сонымен қатар жеке тұлға, одан кейін моральдық ұстанымдар қалыптасады. Дәл осы отбасы тарихты, дәстүрлерді сақтайтын және өз мемлекетіне деген сүйіспеншілікті дамытатын мемлекеттің бір элементі болып табылады.

Осыған байланысты, «Ақмола облысының орыс қоғамы» осымен үшінші жыл қатарынан «Бакытты шаңырак астында!» мерекелік іс-шарасын өткізуде, оның негізгі мақсаты ұрпақтар сабақтастығын сақтау, отбасын әлеуметтік институт ретінде насихаттау, қызығушылықтардың ортақтығы негізінде отбасылық байланыстарды нығайту, отбасылық дәстүрлерді қолдау және дамыту болып табылады.

9 қыркүйек күні «Коғамдық келісім» КММ Қоғамдық келісім сарайында таң атпастан көп адам болды: акт залында балалары мен немерелерін жетектеген отбасылар жиналды, гүлшоқтарының орамалары саудырлап, музыка ойнап жатты.

Бастапқыда Астана қаласындағы Ғылым мен мәдениет орталығының басшысы Виктор Нефёдов келушілерді мерекемен шын жүректен құттықтады:

- Біздің Ресейде отбасы күні 8 шілдеде тойланады, ол күн «Отбасы, махаббат және адалдық күні» деп аталады. Ол үлкен ерлі-зайыптылық махаббаттың үлгісі және отбасы бақытының қолдаушылары болып табылатын әулиелер, ерлі-зайыптылар, қасиетті Петр мен Февронияны (муромдық кінәздер) еске алу күні. Ақмола облысы орыс қоғамының қолдауы арқасында біз осымен үшінші жыл Көкшетау қаласында «Махаббат пен адалдық үшін» берілген медальдарды табыстау салтанатын өткізіп келеміз.

«Ақмола облысының орыс қоғамы» ҚБ төрағасы Александр Артеменко өз сөзінде отбасы мен отбасылық құндылықтардың кез-келген адамның өмірін құрайтын маңызды фундамент екенін, ал махаббат пен адалдықтың – тату және бақытты отбасының бөлшегі екенін атап өтті. Көкшетау қаласындағы Архангел Михаил шіркеуінің қызметкері Константин қазақстан қоғамында отбасының маңызды орын алатынын, түрлі ұрпақтар арасындағы байланыстырушы саты, ұлттың адамгершіліктік және мәдени дәстүрлерінің сақтаушысы екенін айтып өтті.

Іс-шараға қатысушылардың қолдауымен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының алғыс хатымен және «Ресей Федерациясында отбасы, махаббат және адалдық күнін» өткізу бойынша ұйымдастыру комитетінің «Махаббат пен адалдық үшін» медалімен ерлі-зайыптылығы 40 жылдан асқан түрлі ұлттардағы лайықты отбасылар марапатталды, олардың ішінде: Терещук, Старковтар, Мателенок, Ахметовтар, Юрко, Кориговтар, Румянцевтер, Сарайкиндер, Михайленколар отбасы. Бұл адамдар он жылдықтар бойы өз махаббатын сақтап, балаларды ғана өсіріп қоймай, немерелерін тәрбиелеуге қатыстып келеді.

Ұрпақтар сабақтастығын көрсететін салтанатты кезеңде сахнада осынау ғажайып және қасиеті мереке - отбасы күнінде некеге отырған жас жұбайлар - Павел Кульчицкий мен Евгения Шамаева пайда болды!

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова «Шашу» шашып, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы атынан жас жұбайларға естелік сыйлық табысталды.

Мерекелік іс-шара концерттік бағдарлама арқылы жалғастырылып, онда мәңгілік отбасы, махаббат және мейірімділік туралы әндер айтылды!

Татьяна Пяткова

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5299