Сейсенбі, 13 Мамыр 2025
4963 3 пікір 16 Қазан, 2017 сағат 19:26

Президент Назарбаев Сауранбай Жиенбековке құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстандағы президенттік сайлауда халықтың басым дауысына ие болып, жеңіп шыққан Сауранбай Жиенбековке құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы "Ақорданың" ресми сайты хабарлады.

Қазақстан Президенті жеделхатта Сооронбай Жээнбековтің басшылығымен Қырғызстан өзінің қарқынды даму жолында жаңа табыстарға жететініне сенім білдірді.

«Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынас елдеріміздің игілігі үшін одан әрі дами түседі деп сенемін.

Сізге зор денсаулық, жауапты мемлекеттік қызметіңізде табыс, ал бауырлас қырғыз халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тілеймін», – делінген жеделхатта.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2331
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 3998