Ресми Астана енді ОА елдеріне басымдық беруі керек
Атамбаев ТМД елдеріндегі элиталық қауымның "қол алмайтын" адамына айналды. Біздің елдің ішкі істеріне араласуы – оның ең сорақы іс-қимылы болып қала бермек. Екі елдің арасындағы тарихи "ауыр" кезеңдерді қозғауы, халықтарымыздың бірлескен болашағы үшін де орны толмас сызат болуы ықтимал. Дегенмен де, жақын болашақта, ол өзінің мақсатына жетті. Саяси технологтары, "сыртқы жауларға" қоғамды жұмылдыру тактикасын қолданып, сайлауда озып шықты. Ал енді, осы жағдайдан біз қандай қорытынды жасауымыз қажет?
Бірінші, ресми Астана Орталық Азия елдеріне саяси, экономикалық, әлеуметтік әм мәдени тұрғыдан басымдық беруі керек. Орталық Азия елдерінің əлеуметтік, қоғамдық- саяси процестерін зерттейтін орталықтар, институттар ашу қажет. Екінші, аталған елдермен гуманитарлық қарым-қатынастарды күшейте отырып, сол елдерде қазақ мəдениетін, тарихын насихаттауға арналған, ортақ құндылықтар қалыптастыруға бағытталған қоғамдық ұйымдар жасақтауға жұмылуы тиіс. Үшінші, ОА елдерімен біріккен бизнес-жобалар ұйымдастырып, сол елдерге қаржы құю біздің мүддеге сəйкес келеді. Төртінші, аймақтағы көрші мемлекеттердің (өзбек, қырғыз, түркпен, тәжік) жастарын Қазақстанға шақыра отырып, біздің елмен таныстыруға бағытталған орталықтар ашу интеграцияның басы бола алады. Бесінші, ОА елдері жыл сайын дəстүрлі əні фестивалін ұйымдастырып тұрғаны жөн. Егер де, бұл кешенді іс-шаралар іс-жүзіне аспаса, бұл елдер бізге проблема болуы ықтимал. Өйкені, аталған елдерде, əлеуметтік, саяси динамика пайда болды. Енді біз сол динамикаға сəйкес болуымыз қажет. Алдымызда жаңа заман мен бірге жаңа міндеттер туып келеді.
Ерлан Саиров, саясаттанушы
Abai.kz