Жұма, 27 Қыркүйек 2024
4093 3 пікір 18 Қазан, 2017 сағат 09:07

Түркіменстандықтар тауарды үйіп-төгіп сатып алып жатыр

Түркіменстандықтар еңбекақы 10 пайызға өседі дегеннен, азық-түлікті үйіп-төгіп сатып алып жатыр. Себебі, тұрғындар соңғы жылдардағы тәжірибе көрсеткендей, жалақы өссе, баға да қымбаттайды дейді.

Түркіменстандағы Азаттық тілшісіне әр аймақтан хабарласып жатқан тұрғындар, егер 2018 жылдан бастап еңбекақы өсетін болса, бағада да қымбаттайды деп алаңдаушылықтарын білдірді.

«Адамдар бірінші кезекте базардан азық-түлік сатып алып жатыр. Халықта үрей басым», - дейді Марый облысының тұрғыны.

Ахал облысының тұрғыны Сердар Салих болса, ұлттық валютаның әлсірегенін айтады. Бұл да халықтың көңілін түсіріп жіберген.

Тұрғындар арасында сонымен бірге бензин қымбаттайды деген қорқыныш бар.

«Ашхабадта бәрі бензин қымбаттайды деп жатыр. Қазірдің өзінде май құю станциясында бір литр бензин 1 манаттың орнына 1 манат 20 тенгеге сатылып жатыр. Адамдарда бензинді барынша көптеп алып жатыр», - дейді Аманмұрат есімді тұрғын.

Abai.kz

3 пікір