Жұма, 27 Қыркүйек 2024
3844 0 пікір 18 Қазан, 2017 сағат 09:11

Қамауға алынған өзбек журналисі Абдуллаевтың анасы президенттен көмек сұрайды

Үш аптадан бері Өзбекстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу абақтысында отырған 44 жастағы журналист Бобомурод Абдуллаевтың анасы Гавхаржон Мадаминова ел президентінен көмек сұрайды. Қарт ана тергеушілердің ұлыңыз зорлық көріп жатқан жоқ деген мәлімдемесіне сенбейді.

Ташкенттің тәуелсіз журналисі Бобомурод Абдуллаев биылғы жылдың 27 қыркүйегінде ұсталды. Содан бері анасы ұлымен кездесе алмай жүр.

Ананың сөзіне қарағанда, 16 қазанда президент әкімшілігіне және бас прокуратураға ұлының ісін қадағалауды сұрап хат жазып тапсырған.

"Маған ұлымды әлі көрсеткен жоқ. Мемлекет тағайындаған адвокат ұлыммен кездескенін, оның жағдайы жақсы екенін айтты. Ол ұлымды ұрып-соқпайды деді. Онда мені кездестіріңдер дедім. Бірақ маған тергеу аяқталмайынша, кездесуге болмайтынын айтады, – дейді журналистің анасы.

44 жастағы Бобомурод Абдуллаев билікті күшпен тартып алмақ болды деп айыпталып жатыр. Бұл қылмыстық іс бойынша 10 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Abai.kz

0 пікір