Қырғызстан мен Өзбекстан Қытайға дейін автошеру ұйымдастырады
Қырғызстан мен Өзбекстан президенттері "Ташкент-Әндіжан-Ош-Иркештам-Қашғар" бағыты бойынша автошеруді бірлесіп ұйымдастыру жағдайын талқылады. Автошеру қазан айының соңына жоспарланған. Бұл туралы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің ресми сайтында хабарланды.
Ресми мәліметке қарағанда, 19 қарашада қырғыздардың бастамасымен екі президент телефонмен сөйлескен. Мемлекет басшылары жақында жоғары деңгейде келісілген құжаттардың орындалу барысын талқылады, делінген хабарламада.
Президенттер шекараның мәртебесі анықталмаған жерлерін тезірек құжаттармен рәсімдеу жағдайына көңіл бөлді.
Мемлекет басшылары автошеру өткізуді қырғыз президенті Алмазбек Атамбаевтың Ташкентке 5-6 қазандағы сапары кезінде келіскен. Олар Ташкент-Әндіжан-Ош-Қашғар бағытында автомобиль қатынасы туралы меморандумға қол қойды. Сол жол арқылы Өзбекстан жүктері Қытайға тікелей жеткізіледі.
Abai.kz