Сенбі, 23 Қараша 2024
4034 1 пікір 23 Қазан, 2017 сағат 08:58

Роберт Мугабе екі күн ғана "еркін ерік елшісі" болды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус жексенбі, 22 қазанда Зимбабвенің 93 жастағы президенті Роберт Мугабені "еркін ерік елшілігінен" алып тастағанын мәлімдеді .

Зимбабвені 1980 жылдан бері басқарып келе жатқан Мугабе бар болғаны екі күн "еркін ерік елшісі" болды. Мұндай шешімге адам құқығын қорғаушылар мен журналистер, сондай-ақ Ұлыбритания, Канада және АҚШ секілді кейбір мемлекеттердің үкіметтері сын айтты. Британияның "Гардиан" газеті БҰҰ-ның АҚШ-тағы бұрынғы өкілі Саманта Пауэрдің сөздерін келдірді. Ол: "93 жастағы Мугабе 37 жыл билік еткенде бір ғана адамның - өзінің ғана денсаулығын ойлады", - деп мәлімдеген.

AFP агенттігі Мугабе билігі кезінде Зимбабвенің денсаулық сақтау жүйесі құлдырады деп жазды. Елдегі көптеген ауруханаларға қажетті құралдар, дәрігерлер мен медбикелер жетіспейді, медицина қызметкерлерінің айлығы өте төмен.

ЮНЕСКО-ның Статистика институтының мәліметіне қарағанда, Зимбабведе орташа жас мөлшері - 49 жыл.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394