Сенбі, 23 Қараша 2024
3718 0 пікір 23 Қазан, 2017 сағат 08:59

Журналист Әли Феруз Сахаров атындағы сыйлықтың иегері атанды

"Новая газета" журналисі Әли Феруз Андрей Сахаров атындағы "Ерлік" орденімен марапатталды. Феруз бірнеше айдан бері шетелдіктердің уақытша орталығында тұрып жатыр.

Сыйлықты тағайындаушылар Феруздың "өлім қауіпіне қарамастан, ашық көзқарасы мен балғын күлкісінен таймағанын" атап өтті. "Андрей Сахаров та әлемге дәл осылай ашық әрі саналы көзбен қараған", - деді ұйымдастырушылар.

Әли Феруз (шын есімі Худоберди Нурматов) - Өзбекстан азаматы. Бірнеше жыл бойы Ресейде босқын мәртебесін ала алмай келеді. Адам құқығын қорғаушылар Ферузды елінде өлім қауіпі күтіп тұр деп есептейді.

Биыл тамыз айының басында журналисті Мәскеуде ұстады. Оны көші-қон заңдарын бұзды деп айыптады. Кейін ресейлік сот Ферузды депортациялау туралы шешімді орындауын Еуропалық сотта журналист шағымы қаралғанша тоқтатты. Бұл шешім шыққанға дейін Феруз шетелдіктерді уақытша ұстау орталығында тұруы тиіс.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1467
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387