Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2452 0 пікір 7 Маусым, 2009 сағат 18:33

Нұрлан Тілегенұлы. Қазақша құжатты іркетудің тәлкегі

Азан шақырып қойған әп-әдемі аты-жөнімізді - ов, - ова, - ев, - ева, - ич, - ин сынды орысша жалғаулармен бұрмалағанымыз кеңес үкіметі билік құрған жетпіс жыл бойы қазақтың қыр соңынан қалмағанымен қоймай әлі күнге дейін кенеше жабысып жүргені өкінішті-ақ. Бірақ соңғы он үш жылдан бері осы бір келеңсіз құбылыстан бір жолата құтыла алмауымызға өзімізден басқа ешкімді кіналаудың қажеті жоқ. Себебі мемлекет басшысының 1996 жылғы сәуір айының 2-індегі "Ұлты қазақ азаматтарының тегi мен әкесiнiң атын жазуға байланысты мәселелердi шешу тәртiбi туралы" Жарлығы (№2923) рухымызға жат аффикстерді алып тастап, "ұлы" немесе "қызы" сөздерiн кеңінен қолдануымызға мүмкіндік берді. Бұрын Ивановты орыс ұлтының өкілі екендігін айтпай-ақ танысақ, грузиндер Махарашвили ретінде ерекшеленетін. Шыққан тегін ұлттық үрдіске сай рәсімдейтін әлем жұртшылығының қатарына қазақ халқының да қосылуына жалдық сипаттағы байқоңырлық бауырларымыз айрықша қуанған болатын.        Өкінішке орай облыстық әділет департаментіне қарасты жергілікті сала мамандары арқылы жеке басын куәландыратын құжаттары мен перзенттерінің туу туралы куәліктерін ана тілімізде толтыртқан қазақстандықтар пәтерде тұратындардың есебіне тіркелер сәтте кездейсоқ кедергілерге кезігуде.

Азан шақырып қойған әп-әдемі аты-жөнімізді - ов, - ова, - ев, - ева, - ич, - ин сынды орысша жалғаулармен бұрмалағанымыз кеңес үкіметі билік құрған жетпіс жыл бойы қазақтың қыр соңынан қалмағанымен қоймай әлі күнге дейін кенеше жабысып жүргені өкінішті-ақ. Бірақ соңғы он үш жылдан бері осы бір келеңсіз құбылыстан бір жолата құтыла алмауымызға өзімізден басқа ешкімді кіналаудың қажеті жоқ. Себебі мемлекет басшысының 1996 жылғы сәуір айының 2-індегі "Ұлты қазақ азаматтарының тегi мен әкесiнiң атын жазуға байланысты мәселелердi шешу тәртiбi туралы" Жарлығы (№2923) рухымызға жат аффикстерді алып тастап, "ұлы" немесе "қызы" сөздерiн кеңінен қолдануымызға мүмкіндік берді. Бұрын Ивановты орыс ұлтының өкілі екендігін айтпай-ақ танысақ, грузиндер Махарашвили ретінде ерекшеленетін. Шыққан тегін ұлттық үрдіске сай рәсімдейтін әлем жұртшылығының қатарына қазақ халқының да қосылуына жалдық сипаттағы байқоңырлық бауырларымыз айрықша қуанған болатын.        Өкінішке орай облыстық әділет департаментіне қарасты жергілікті сала мамандары арқылы жеке басын куәландыратын құжаттары мен перзенттерінің туу туралы куәліктерін ана тілімізде толтыртқан қазақстандықтар пәтерде тұратындардың есебіне тіркелер сәтте кездейсоқ кедергілерге кезігуде. Атап айтқанда нотариус арқылы құжаттың түпнұсқасында жазылған барлық қазақша сөздерді (тегі, аты, әкесінің аты, туған жері, ұлты, куәлік берген мекеме) түгелдей дерлік тәржімалатуға тиістісің. Себебін сұрағандарға жауап дайын. Үй басқармасы мен құжаттарды рәсімдейтін құзырлы органдардың бәрі дерлік ресейлік. Ал көршіміздің конституциялық заңдары бойынша  ресми іс-қағаздар тек ғана мемлекеттік тілде орысша толтырылады. Демек олардың ұлттық альфавитіміздегі ә, і, ү, ұ қаріптерін қолданбайтындығы түсінікті. Түйткілдің түп-төркіні де осыған тіреліп тұр. Сондықтан қалай да қазақша ныспыңды уақытша өзгертуге міндеттісің. Бұл талаптары орындалмаса, федерациялық мигарция қызметінің Москва облысына қарасты басқармасы құзырындағы Байқоңыр қалалық филиалы мекен-жайың жөніндегі анықтама бермейді. Бір жапырақ қағазың болмаса, қоршаулы қалаға кіріп-шығуға қажет пропускіні алуың мүмкін емес. Ол рұқсат құжатсыз көрші билік милициясы күні-түні күзететін үш жақты тексеру бекеттерінен ары-бері өтудің өзі мұң. Қитұрқы келеңсіздіктерді көрген қандастарымыздың көбі қиындықтардан қашып қазіргі кезде құжаттарындағы қателерін түзетуге тәуекел етпек түгілі ұл-қыздарының куәліктерін ана тілінде жаздыртуға құлқы жоқ. Тайталасқандардың төзімдері де таусылған сыңайлы.
Үкімет биылғы жылдың басынан бұған дейін берілген паспорт пен жеке куәліктер қолдану мерзімінің аяқталуына байланысты ауыстырылған жағдайда биометриялық белгісі бар жаңа үлгідегі құжаттардың ұсынылатындығын мәлімдегені аян. Заман талабына сай жасалған жаңалықты естіген отандастарымыз тағы қандай кедергілерге кезігерін білмей бастарын қатыруда. Керісінше екі ел азаматтарының құжаттарын рәсімдеу арқылы қыруар пайда тауып отырған жеке иеліктегі нотариалдық кеңсенің қызметкерлері алдағы уақытта келушілер қатарының көбейтіндігінен үмітті. Өйткені олар қазақша құжатты орысшаға аударма жасатқан әрбір азаматтан мың теңгеге жуық ақша алуға әбден әдеттенген. Байқоңыр қаласында қазақша төлқұжатты тіркетудің тәлкегі тұрғындарды осындай тосын тығырыққа тіреп отыр.
Тәуелсіз еліміздің мемлекеттік тілдің мәртебесін бекіткен және неке мен обасылық қарым қатынастарды реттейтін ұлттық заңнамалары мен басқа да құқықтық актілердің бұрмалануына соқтырған жергілікті жайсыз жәйтерге тосқауыл қоятын айла-амал қайсы?

 

Байқоңыр қаласы.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5534