Республикалық конкурс: «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте»
Ағымдағы жылдың 27 қазан күні Тараз қаласы, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» атты Республикалық конкурс өтеді деп хабарлайды Абай-ақпарат. Конкурс сағат 14:30-да басталады.
Конкурсты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің «Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМҚК ұйымдастырып отыр
Конкурстың мақсаты – мемлекеттік тілді жетік меңгерген мемлекеттік қызметкерлерді ынталандыру және мемлекеттік органдарда тіл саясатының қолдау табуына ықпал ету.
Конкурсқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерінен құралған командалар қатысады. Олар«Сәлемдесу», «Жер-судың аты – тарихтың хаты», «Қазақ сөзі», «Үй жұмысы» кезеңдерінен өтеді.
Арнайы құрылған қазылар алқасының шешімімен үздіктер анықталып, дипломдармен, алғысхаттармен және сыйлықтармен марапатталатын болады.
Байланыс телефоны: 8(7172) 40-83-97; 8 708 923 41 64
Абай-ақпарат