Нұрлан Тілегенұлы. Тәуелсіз теңгеміздің тұғыры төмендемегей?!
Нарықтық қатынастарға негізделген жаҺандану заманда қандай да бір мемлекеттің экономикалық тәуелсіздігі мықты болуы үшін ең алдымен ұлттық валютаның өз қалпынан ауытқып, төмендемегені қажет. Осы тұрғыдан алғанда тәуелсіздігіміздің тұғыры саналатын теңгеміз дүниежүзілік дағдарыстың кері әсеріне қарамастан еліміздің басқа өңірлерін айтпағанда жалдық сипаттағы ғарыш кешенінде де тұрақтылығын сақтап келеді.
Нарықтық қатынастарға негізделген жаҺандану заманда қандай да бір мемлекеттің экономикалық тәуелсіздігі мықты болуы үшін ең алдымен ұлттық валютаның өз қалпынан ауытқып, төмендемегені қажет. Осы тұрғыдан алғанда тәуелсіздігіміздің тұғыры саналатын теңгеміз дүниежүзілік дағдарыстың кері әсеріне қарамастан еліміздің басқа өңірлерін айтпағанда жалдық сипаттағы ғарыш кешенінде де тұрақтылығын сақтап келеді.
Жалпақ жұртқа түсінікті болу үшін айта кету керек, екі елдің басшылары қол қойған “ҚР мен РФ арасындағы Байқоңыр ғарыш айлағын пайдаланудың негізгі қағидалары мен шарттары туралы” Бас Келісімнің (28.03.1994ж) бесінші бабын еш тәржімасыз, сөзбе-сөз орысша келтірсек: “Расчетные операции между резидентами и нерезидентами, находящимися на территории космодрома "Байконур" и в г. Ленинске, осуществляются в национальной валюте Республики Казахстан. Законным платежным средством в налично-денежных расчетах на территории космодрома "Байконур" и г. Ленинска (қала 1995 жылдан бастап Байқоңыр деп аталады - М.Н) является только национальная валюта Республики Казахстан. Покупки и продажи тенге и российских рублей юридическими лицами Российской Федерации, функционирующими на территории космодрома "Байконур" и г. Ленинска, осуществляются в установленном порядке на валютных биржах Российской Федерации и Республики Казахстан, а российскими физическими лицами - через обменные пункты Национального банка Республики Казахстан или через кассы полевых учреждений Центрального банка России, ке осуществляют в национальной валюте Республика Казахстан” - деп анық та нақты жазылған. Президенттер мақұлдаған бұл ортақ уағдаластықтықтың тараптар арасындағы “Байқоңыр қаласының мәртебесі және ондағы атқарушы өкімет органдарын құрудың тәртібі мен олардың мәртебесі туралы” келесі Келісімнің мәтінінде былайша бұрмаланып кеткенін көресіз: “Байқоңыр кешенінің аумағында заңды және жеке тұлғалар арасындағы төлемдердің барлық түрлері Қазақстанның теңгесімен немесе Ресейдің рублінде жүргізіледі. Мұнда қандай валютамен төлеу құқығы төлеушінің өз еркінде”.
Одағай олқылығымызды өздерінің мүддесіне тиімді пайдалануды көздеген жергілікті атқару билігі кезінде сауда орындары мен тұрмыстық қызмет көрсету нүктелерінде есеп айырысудың жаңаша тәртібін енгізгені бар. Онда барлық мекеме-ұжым басшылары мен қоғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету орындарына иелік жасайтын жеке кәсіпкерлерге 1996 жылғы мамыр айынан бастап кез-келген тауар құнын Ресей Федерациясының ұлттық валютасымен бағалау тапсырылған. Содан біргі уақытта қала көлеміндегі негізгі төлемақы тек қана ресей рублімен жүргізіліп келеді. Ал күнделікті курс ресейлік орталық банкінің байқоңырлық бөлімшесі арқылы белгіленуде. Қолында теңгесі барларға кедергі жоқтай көрінгенімен қонақүйлер мен басқа да қызмет орындары сырттан келген отандастарымыздың қолындағы теңгені қабылдауға құлықты емес. Бірнеше жыл бұрын осында арнайы іссапармен келген облыс журналистерінің жатын орынға ақы төлеу үшін түн ортасында айырбастау бекеттерін іздеп жүргеніне куә болғаным бар.
Демек жалға алушылар тарапынан көрсетілген бұл шектеулердің ел азаматтарының конституциялық құқығына белгілі бір деңгейде нұқсан келтіретіндігі даусыз. Ашығын айтқанда соңғы он жылдан бері ұлттық валютамыздың төлем қабілетін төмендетудің қолдан жасалған қиянаты тоқтаған жоқ.
“Көп асқанға бір тосқан” демекші осы жылдың басында валюта аралық курстың құбылуына орай ресей рублінің теңгеге шаққандағы бағамы күрт (1 рубль – 2 теңге 7 тиын) төмендеп, орыс ағайындарды қатты састырғаны бар. Жағдай біршама жақсарды дегенмен, теңгенің құны жоғары.
Байқоңырда ресейлік “ФондСервисБанк” пен “СовинБанк” сынды қаржылық құрылымдардың қос бөлімшесі бар. Ал, еліміздің тарапынан “ҚазақстанХалық Банкі” өңірлік филиалы ғана жеке дара жұмыс жүргізуде. Жалдық сипаттағы аймақта жарты ғасырлық тарихы бар іргелі ұжым басшылығы жуырда жетінші мөлтек ауданнан соңғы үлгімен жарақтандырылған кассалық-есептеу орталығын пайдалануға берді. Осымен алтыншы бөлімшені іске қосқан сала мамандары келушілерге “бір терезе” қағидасына сай қызмет көрсетуде. Яғни күн сайын қатары қалыңдай түскен тұтынушылар кезекке тұрмай-ақ, жаңа қондырғылардың көмегімен барлық жұмысты тез әрі қиындықсыз атқара бастады.
Салтанатты рәсімге акционерлік қоғамдағы директорлар кеңесінің мүшесі, басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова мен басқарма мүшелері Асқар Құсайынов пен Марат Сатубалдин арнайы келіп, тілектестіктерін білдірді.
Директор Күлпаш Құлмырзаеваның айтуынша қала әкімшілігіне қарасты біраз мекемелермен арада екі жақты келісімге қол қойылған. Осы уағдаластыққа сәйкес еліміздің азаматтары өзнің жалақы мөлшеріне байланысты бірнеше жылдық мерзімге пайыздық өсіммен несие алып, тұрмыс-тіршілігіне түзеуіне болады. Тіпті кейбіреулердің қолдарына тиген бірнеше жүз мыңдаған теңгені сауда-саттықтың айналымына салып, аз-маз пайдасын да көре бастағанын да білдік. Алған ақшасын перзенттерінің ақылы оқуынна толықтай төлеп тастағандары және бар. Бір мекемеде қатар жұмыс істейтін отбасы мүшелерінің қосарлана қол жеткізген қомақты қаржысына шетелдік автокөлігін мінгенін де көзіміз көріп жүр. Халыққа да керегі осы емес пе? Бір әттеген-айы несиелендірудің тың тәсілі қаладағы барлық кәсіпорындар тарапынан тегіс қолдау таппағандықтан бұл жақсылық ондағы бауырларымыздың бағына әл-әзір бұйырмай тұр.
Қалай десек-те қарапайым қандастарымыз ұлттық валютамыздың тұғыры жалдық сипат жағдайында да төмендемегенін қалайды. Байқоңырлық отандастарымыздың түпкі тілегінің түйіскен тұсы осы.
Байқоңыр қаласы.