Жұма, 22 Қараша 2024
4125 1 пікір 30 Қазан, 2017 сағат 09:07

Мәскеуде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу акциясы өтті

29 қазанда Мәскеуде "Есімдердің қайта оралуы" атты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу акциясы өтті. Лубяна алаңында таңғы сағат 10-нан кешкі сағат 10-ға дейін сталиндік террор кезінде қаза тапқандардың есімдері оқылды.

Акцияға мыңнан астам адам қатысты. Олардың арасында қоғам және саясат қайраткерлері, атап айтқанда Ресей адам құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Татьяна Москалькова, "Яблоко" партиясының жетекшісі Григорий Явлинский, Федерация Кеңесінің мүшесі Владимир Лукин және тележүргізуші, 2018 жылғы президенттік сайлауға қатысқысы келетін Ксения Собчак бар. Акцияны "Мемориал" адам құқығын қорғау ұйымы өткізді.

"Есімдердің қайта оралуы" акциясы 2007 жылдан бері өтіп келеді. Оған кез келген адам қатыса алады. 30 қазанда Ресей Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін атап өтеді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5315